ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ОНЛАЙН РЕЖИМГЕ АУЫСТЫ

10:49, 27 наурыз 2020

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді енді тек онлайн алатын болды. Короновирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтқан болатын.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн алуға мүмкіндік мол. Ал, елдегі соңғы жағдайларға байланысты алдын-ала таныстырылған құжаттар дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы сағат 9:00-мен 17:00 арасында дәл осы ХҚКО-нан бір терезе қағидаты бойынша алуға болады.

Бір терезе бойынша алуға болатын құжаттар тізіміне шет елге шығатын паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәліктер жатады. Ал, қалған керекті мемлекеттік қызметтердің барлығы онлайн режимде қол жетімді. Мекен жай анықтамасы, сотталмағандығын растайтын құжаттардың барлығын еGov Mobile қосымшасы немесе телеграм боты арқылы алуға болады.

Фархат Әлімов, облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы:

26-шы наурыздан бастап, ХҚКО-ы толықтай онлайн форматқа көшті. Яғни, қызметкерлерге қызмет түрі фронт-офистар арқылы көрсетілмейді. Өзбетінше онлайн тәсілмен қызметкерлер керекті қызмет түрін алады.

Барлық қызмет көрсету орталықтары онлайн режимге көшірілгенімен операторлар жұмыссыз қалмайды. Олар таңғы 9-дан кешкі 20:00-ге дейін телефон арқылы қызмет ұсынады.

Фархат Әлімов, облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы:

Біздің операторлар толық телефон арқылы 1414 нөмірімен байланысқан кісілерді онлайн тәсілмен қызмет түрін көрсетіп жатыр. –Олардың жалақысына еш кедергі болмай ма? – олардың жалақысына ешқандай кедергі болмайды. Жалақысы толық сақталатын болады. Және еңбек демалысына шыққысы келген кісілерді біз еңбек демалысына жібердік.

Естеріңізге сала кетейік, автокөліктерді тіркейтін арнайы қызмет көрсету орталығы да онлайн жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарға барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және қызметтерді онлайн алуға шақырады. 

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...