ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Өңірдегі өрт қауіпсіздік кезеңі туралы

23:05, 30 шілде 2021

Жыл басынан бері өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 544-рет шақыртуға барған. Олардың басым бөлігі өрт және тұтану фактілері. Ал, жол көлік оқиғаларына қатысты 14 қоңырау келіп түсті. Бұл туралы алғашқы жартыжылдық қорытындыларын шығару барысында сала мамандары мәлім етті.

Төтеншеліктердің мойынына артылған жүк жеңіл емес. Олар, кез-келген жағдайға төтеп беруге дайын. Жыл басынан бері 544 оқиғаға қатысып, 230 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Тіркелген фактілердің басым бөлігі өрт оқиғасына қатысты болып отыр.

Мейрамбек Батырқұлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

230 адамға медициналық көмек көрсетілді. 30 адам қызыл жалыннан құтқарылды. Соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.

Жоғары айтып өткен оқиғалардың 5-і дала өртіне қатысты. Бұл көбінесе шөп шабу науқанына кіріскен адамдардың қауіпсіздікті сақтамағандығынан болады,-дейді мамандар. Бұл жағдайда ҚР ӘҚБК кодесінің 589 бабы бойынша айыпты деп танылған тұлғалар жауапқа тартылады.

Тілекжан Галямов, қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы: Өрттің шығу себебі, көліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Ол ҚР ӘҚбК 589 бабына сәйкес, 5 АЕК жауапкершілік көзделген. Осыған байланысты 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

Сыны мен міні қатар жүретін қызметте жалған қоңырау шалатын тұрғындар да кездесетін көрінеді. Мұндай адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Тілекжан Галямов, қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы:

Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Олар, көп жағдайда террористтік бағытта болады. Мысалы, егер, қандай да бір кісі мекемеде жарылғыш зат бар екендігін айтып хабарласса, және ол жалған ақпарат болса ол адам міндетті түрде заң алдында жауап береді.

Жалпы, жедел-құтқару жасағының құрамында 91 сарбаз бар. Оның 34-і бірінші санаттағы мамандар. Сонымен қатар, осы бөлімде 34 бірлік техника мен 8 қосымша жеңіл тіркегіштер бар. Негізінде өрт оқиғаларының басым бөлігі тұрғындардың салғырттығынан болады,-дейді мамандар. Сондықтан, төтеншеліктер барынша мұқият болуға шақырады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...