ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Өңірде 600-ден аса жұмыс орны құрылады

18:31, 22 шілде 2021

«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймағымызда биыл бір бағыт бойынша 400-ден аса жұмыс орны құрылады. Жалпы 600-ден аса тұрғын еңбекке тартылып, екі қолға бір күрек алады деп жоспарлануда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы төрт бағытта жұмыс жасайды. Бағдарламаның нәтижелі әрі тиімді болу мақсатында биыл толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Осылайша бағдарлама бағыттарын кеңейтіп қана қоймай, жұмыс та күрделене түсті.

Арман Қапасов, жұмыс қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Аталмыш бағдарлама аясында төрт бағыт бар. Біріншісі инфрақұрылымдық жобаларды қайта жөндеу және құрылысы. Бұл облыстағы әлеуметтік маңыздағы нысандардың құрылысы мен жөнделуі. Онда биылға 8 нысан саналып отыр. Екінші бағыт шағын несиелеу. Үшінші агроөндірістік кешенді дамыту және төртінші шағын және орта бизнесті дамытуға көзделген.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында елімізде 6500 жобаны іске асыру басталып, 255 мың жұмыс орны құрылатын болады. Осыдан-ақ,  бағдарламаның халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғаны көрініп отыр.

Арман Қапасов, жұмыс қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Қазіргі таңда бірінші бағытты жүзеге асыру қолға алынды. Бұған 8 жоба енеді. Оның төртеуін жүзеге асыруға әзірленіп жатырмыз. Жалпы 100 шақты жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту орталығы кадрларды іздестіру, жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жасап жатыр. Қазір Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалларында аталмыш жобалар жүзеге асатын болады.  

Жобалардың жалпы құны 5,1 млрд теңгені құрайды. Барлық 4 бағыт бойынша 650 жұмыс орны, оны 394-і тұрақты, 261-і уақытша болады. 8 жобада 403  адам жұмыспен қамтылады.    

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...