
Биылғы жылдың 4 айында облыстың өнеркәсіп орындарында 25 жазатайым оқиға тіркелді. 14 қызметкер ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11 пайызға төмен дейді жауапты басқарма басшысы.
Асқар Қапанов, еңбек басқармасының басшысы:
Өндірісте қаза тапқандар жоқ. Әсіресе жұмыскердің абайсыздығынан, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан жазатайым оқиға орын алады. Бүгінде кәсіпорындарда 840 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Олардың міндеті - еңбек жағдайларына тексеру жүргізуді ұйымдастыру. Сонымен қатар, 11 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді.
Аяулым Рахымжанова