ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Оқушылар қызметтік иттердің жұмысымен танысты

21:14, 16 мамыр 2022

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ведомствоаралық тобы оқушыларды полиция қызметімен таныстырды. Бұл жолы оқушылар кинологиялық орталыққа барып, қызметтік иттердің жұмысын көрді.

Номері бірінші мектеп оқушылары қызметтік иттердің құпияларымен танысу үшін кинологиялық орталықша келді. Мамандар әуелі оқушыларға иттерді дайындау үшін қажет құрал- жабдықтармен таныстырды. Иттер иіс сезуге қалай үйретіледі? Қылмыстарды ашуға алай жаттықтырылады?  Осы сұрақтар төңірегінде айтқан мамандар иттердің есірткі мен жарылғыш заттарды қалай табатындығымен қатар, қауіпті қылмыскерлерді қалай ұстайтындығын да көрсетті.

Гүлмира Есімханова, әділет подполковнигі:

Бұл шараның мақсаты қауіспіздікті қамтамасыз ету. Кәмелеттік жасқа толмаған балар аарсында ешқандай қылмыс бомласа екен дейміз. Сол мақсаты болып есептеледі шараның.

Оқушылар зиянды заттарды қораптың ішіне өз қолымен жасырып, иттерді сынап та көрді. Айтуларынша, шара өте қызықты болды. Алған әсерлері де мол. Өздері бұрын білмеген дүниелермен танысқандықтарын айтаты. Болашақта осы жерден алған ақпараттаымыз кәдеге арайды деген сенімді.

Айша Қарашашова, оқушы:

Осы экскурсия арқасында мен көп нәрсені білдім. Ит адамның досы. Көп нәрсені білдім. Осы иттердің арқасында қылмыскерлерді табатынын білдім.

Аңсар Шідербай, оқушы:

Бүгінгі экскурсия маған ұнады. Күшті. Ақылды иттер жоғалған адамдарды іздейді. Маған өте қатты ұнады.

Кинологиялық орталықта жалпы 16 ит бар. Қызметтік иттердің 5 түрі дайындалуда. Оқушылар әрмен қарай, ПД музейімен және жедел басқарма орталығының  жұмысымен танысады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар