ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Оқушылар қоғамдық көлікте тегін қатынайды

22:38, 3 мамыр 2022

1 мамырдан бастап оқушылар қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр. Бастама облыстың аймақтарды дамыту жоспарына енген. Маслихат отырысының шешімінен кейін 83 мың оқушыға 678 млн теңге бөлінді. Көлік картасын алмағандар жол ақысын қалай өтейді?

Бағдарламаға сейкес үш қаланың оқушылары  қоғамдық көлікте тегін қатынайтын болады.  Қазіргі уақытта Павлодар қаласы бойынша 24 110 мың  оқушы тегін көлік картасын алған. Ал қалған 14 мың оқушы 500 тенгеден карталарды сатып алған.

Оқушы автобусқа кірген кезде көлік картасын валидатор арқылы жүргізуі керек. Қооғамдық көліктегі бақылаушылар оның әрекетін тексереді.

Талғат Тоқтағанов, «Смарт-автобус ПВ» техникалық директоры:
Егер оқушыда  карта болмаса, кондуктор қарайды ғой. Кішкентай  бала болса, одан 40 теғге сұрайды. Ал 9- 11 сынып болса оқитын болса студент деп ойлап қалады. Сол үшін 1 мамырға дейін біз карталарды тегін бердік. Енді қазір олар біздің офисқа келіп 500 теңге төлеп алуға болады.
Қала жұртшылығы, әсіресе оқушылар бұл бастамаға дән риза. Ал, ата-аналар болса, карталардың ыңғайлы екенін айтады.

Оқушылардың қоғамдық көлікте жүріп-тұруына шектеу жоқ. Бір айта кетерлігі,  қоғамдық көлікте тек қаланың оқушылары тегін жүреді. Ауылдан келген мектеп жасындағы балалар жолақысын толық көлемде төлейді.



Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар