ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Облыстың осал тұсы қандай?

21:12, 25 қараша 2021

Ал, брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде Павлодар облысында шешілмей келе жатқан мәселелер талқыланды. Түйінді тақырыптардың басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты болып отыр. Баспасөз мәслихатында қозғалған сұрақтардың бірнешеуіне тоқталып өтсек. Экранға зер салыңыздар.

Ең алғашқы сұрақ Тереңкөл ауданына қарасты Березовка ауылындағы мектепке қатысты өрбіді. Айта кетейік ауылының мектебі тозып кеткендіктен қыркүйекте күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған еді. Пандемия кезіндегі бір жылдық үзілістен кейін мектепке келген оқушылар мәдениет бөліміне қарайтын ескі ғимаратқа көшірілген. Көмір жағып, қол пешімен әрең жылитын ғимараттың да тозығы жеткендіктен, ол да жөндеу жұмыстарына жабылды. Оқушылар амалсыз онлайн форматқа көшуге мәжбүр.  53 жыл қолданыста болған мектеп 1,5 жыл қаңырап бос тұрып, биыл сабақ басталғанда күрделі жөндеу жұмыстарына жабылып қалған. Қабырғасы қақырап кеткен мектепті екінші тоқсанға дейін аяқтап, оқушылар офлайн режимге көшеді,-дейді облыс әкімі.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Шағын мектеп осы Тереңкөл ауданында біз әрине осы мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Өткенде аудан әкімі баяндама жасаған. Бірінші желтоқсаннан бастап, дәстүрлі форматта осы мектеп оқу процесін бастайды. Тек қана 10 күн ішінде осы қиындық мәселелер болды. сондықтан осы бір жетіде шешілетін мәселе біздің бақылауымызда әрине болады. Жағдай шешіледі.

Сонымен қатар, туризм саласы да назардан тыс қалмады. Әсіресе таяқтың бір ұшы Баянауылға тиіп тұр. Мырзашоқы тау-шаңғы базасы әңгіменің тұздығына айналды. Рас, кешен келушілерге тек бір жыл ғана қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта айдалаға жөнсіз шашылған ақшаның ғана иісі шығады. Бұны қалыпқа келтіру үшін барлық мәселені ой өзегінен өткізу керек,-дейді Әбілқайыр Сқақов.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мырзашоқы жобасы бұрын жеке кәсіпкермен, инвестормен келісімшартқа іске асырылған жоба. Сондықтан бірінші оны біз зерттеуіміз керек. Бірінші қауіпсіздік жағынан, екіншісі аудан әкімі берген мәлімет бойынша биыл қосымша осы жоба іске асырылатын болады. Әрі қарай біз оны бақылауда ұстап, қысқы туризмді, мысалы мүмкіндігін пайдаланып, Баянауылдың қасиетін көріп, адамдарға, туристтерге ашамыз деп өзіміздің жеке ойымыз бар.

Бұдан бөлек, Павлодар облысында жайылымдық жер тапшы. Жем-шөптің қымбаттағаны тағы бар. Салдарынан фермерлерден бөлек, ауыл тұрғындарының өздері мал басын азайтуға мәжбүр болып отыр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мысалы, осы жайылымдар туралы әрине біздің облысымызда жеке ауылдық мекендер бар. оларда да осы жайылымдардың тапшылығы бар. мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеке залужение бағдарламасын біз қазір әзірледік, талқыладық. Келесі жылы оны іске асыратын боламыз.

Павлодар облысы бойынша жолдардың да сапасы сын көтермейді. Тіпті, биыл 21 әкім жол жөндеу кезінде қателік жіберді деп жауапкершілікке тартылған еді. Жалпы облыс бойынша биыл 300 шақырым тас жол жөнделген.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жалпы айтқанда облысымызда 89 пайыз жолдардың сапасы жақсы. Бірақ, әрине, ауа райына байланысты, мемлекеттік сатып алуға байланысты Мердігерлер жұмыстарын уақытылы тапсырмағандықтан заң бұзушылықтар анықталса әрине, тиісті жауапты мемлекеттік қызметкерлерді тиісті мердігерлерді жауапкершілікке тартатын боламыз.

Жиын барысында біз хабарымыздың өткен санында айтқан Черемушка ауылы тұрғындарының талап-тілегі де талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, олар Ақсу мен елді-мекен арасын жалғайтын өткен салып беру керектігін сұраған еді. Әбілқайыр Сқақов бұл мәселе талқыланып жатқандығын алға тартып, осы және өзге де тақырыптарды өз бақылауына алатынын жеткізді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...