ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Облыстық мәслихат сессиясы өтті

22:15, 8 маусым 2021

Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс, төртінші сессиясы өтті. Жиында қандай мәселелер талқыланды?

Сессия барысында ең бірінші үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қозғалды. Заңға сәйкес, депутат өзі сайланған саяси партиядан шыққан жағдайда өкілеттілігі тоқтатылады. Сондай-ақ, тиісті аумақтан тыс жерлерге көшіп кеткен кезде мандатынан айырылады.

Гүлнәр Аманжолова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:

«Нұр Отан» партиясынан Қайрат Әбішетің шығуына байланысты және Мейрам Бегентаев аке Сергей Прокофьевадан облыстан тыс тұрақты мекен-жайын ауыстыруына байланысты өтініш келіп түсті.

Сессия барысында босатылған депутаттық мандатқа облыстық сайлау комиссиясы Нағашбек Әубәкіров, Серік Жартыбаев және Марина Стрелковскаяны тіркеді. Бұдан бөлек, сессияда облыстың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті бекітілді. Оның мөлшері өткен жылға қарағанда 29 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Ирина Назарчук, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

17 млрд-тың басым бөлігі халықты жылумен қамтамасыз етуге, жолдарды жөндеуге жұмсалады.  Ал, 3 млрд Павлодарда жылу магистралі учаскелерін аяқтауға және жаңасын бастауға, Ақсу қаласындағы қазандықты іске қосу үшін бөлінді.

Облыстың 20 ауылында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 39 жоба жүзеге асырылмақ. Оны іске асыру үшін республикалық бюджеттен шамамен 2,8 млрд.теңге бөлінді. Ал, «Бизнестің жол картасы» аясында 2,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Енгізілетін өзгерістерді есепке ала отырып, облыстық бюджет 361,3 млрд. теңгені құрайды.

Болат Аманжолов, облыстық мәслихат депутаты:

Айта кететін жәйт, облыстық бюджеттен жылумен жабдықтау және сумен қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық саладағы инфрақұрылымдық жобаларға 5,9 млрд.теңге бөлінді.

Сондай-ақ,  депутаттар тұрғын үй сертификаттарына өзгерістер енгізді. Оның мөлшері 1-ден 1,5 млн.теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік жекешілік әріптестік жобасына «Достық» шағын ауданындағы 2 000 орындық мектеп құрылысы енгізілді.

 

Әсем Оразбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...