ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Облыстық депутаттардың кезектен тыс отырысы өтті

19:22, 11 маусым 2021

"Nur Otan" партиясының облыстық кеңсесінде депутаттық фракциясының кезектен тыс отырысы өтті. Қалалар мен аудандарда жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Толығырақ тілші материалында.

Отырыс барысында халық қалаулылары екі мәселені көтерді. Бірінші, осы жылдың бес айында "өмір сүру жағдайын жақсарту" бағыты бойынша Жол картасының индикаторларын орындау. Екінші, Павлодар облысының қалалары мен аудандарында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың проблемалық мәселелері.

Вера Гейнц, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Павлодар ауданы бойынша осы жылғы бағдарламаның 18 пайызы орындалған. Жоспар бойынша негізгі бағыттар – ол күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстары. Олар жаз айларында, яғни 2,3-ші тоқсанда жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, жуырда үш депутаттың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Орындарына праймериз қорытындысы бойынша резервте тұрған депутаттар тіркелді.

Марина Стрелковская, облыстық мәслихат депутаты:

Партия ішінде жаңашылдықтар бар. Жаңа тұжырымдамалар шеңберіндегі өзгерістерді ескере отырып, мен бұл өз жұмысымды жүргізетін боламын.

Жалпы, жыл басынан бері облыстық мәслихат депутаттары құрамындағы жұмыс топтары партияның таяудағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысына, оның ішінде ірі әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.

 

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...