ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыстық азаматтық штаб құрылды

12:21, 7 мамыр 2022

Осыған байланысты өңірде азаматтық штаб құрылды. Бұл туралы баспасөз жиыныда белгілі болды.

Еркеғали Жанғазы, «Қағандық» ҚБ төрағасы:

Ең бастысылардың біреу, барлығы маңызды дегенмен, жер және оның қойнаулары өсімдік және жануарлар әлемі басқа да табиғи қоры халықтың меншігі болып табылады деп таңба басқандай жазылып тұр. Бұл ең басты Ата заңға енгізілген өзгерістердің бірі деп ойлаймын.

Бүгінде облыстық штабта 38 адам еңбек етеді.  Әр ауданда орталықтар ашылды. Сондай-ақ бір ай уақыт ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Себебі, референдумға қатысу-елдің ісі.

Болат Аманбаев, ҚР құрметті журналисі:

Референдумның түкпі негізгі мақсаты сенім мен адалдық болатын саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді деп сіздерге айта аламын. Тағы да айтарым мына демократиямен саяси көзқарас тұрғысынан алып қарайтын болсақ бұл ел болашағына деген халықтың күмәні болмауының қамтамасыз етуінің қадамы деп айтуға болады. Өйткені біз өз болашағымызға күмән келтірсек, өз болашағымызға сенбейтін болсақ, біз қандай азамат боламыз. Біз қандай ел боламыз.  Міне осының жауабы осы референдум арқылы беріледі.

Қазіргі қоғам өзгерісті қажет етіп тұр. Осы орайда облыстық штабқа келіп, ұсыныс-пікір білдіремін деген азаматтар үшін орталық мүшелері көмек беруге даяр.  Әрбір азаматтың пікірі тыс қалмайды дейді. Келелі іс - елдің жарқын болашағын бағдарлайтын тарихи оқиға.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар