ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Облыс әкімі оқушыларды марапаттады

18:48, 11 маусым 2021

Өткен оқу жылында Павлодар облысының оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, 245 медаль жеңіп алған. Ал, біздің облыс өңірлер бойынша ең үздік олимпиадалық команда атағын қанжығасына байлады. Осы ретте аймақ басшысы оқушылармен кездесіп, оларды құттықтап, сый сияпат білдірді. Тілшіміз тарқатсын.

Бүгін облыстың 52 оқушысы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесті. Түрлі форматта ұйымдастырылған оқу жылы қорытындыланды. Оқу жылында өңір оқушылары жалпы есепте 245 медальға ие болды. Олардың 37-сі халықаралық,  208-і республикалық деңгейдегі жүлделер.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі

Республикалық, халықаралық байқаулар мен жеңімпазы атанып, Павлодар өңірі үшін ғана емес. Бүкіл Қазақстан мақтанышына айналдыңыздар. Ата аналарына, мұғалімдеріне алғыс айтамын. 

Осы ретте, аймақ басшысы үздіктерді алғысхат және 100 мың теңгелік сертификатпен марапаттады. Марапатқа ие болған оқушылардың қатарында Абай атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы Айжан Кенжебаева да бар. Ол математика пәнінен республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып үздіктер қатарынан көрінген. Болашақ мамандығын да осы пәнмен байланыстырып отыр.

Айжан Кенжебаева, Абай атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы:

Мен республикалық олимпиаданың 2 орын жүлдегерімін. Жәутіков 3 орын иегерімін. Азия тынық мұхиты 3 орын алдым. Екінші орын алдым. Менің ойымша міндетті түрде математикамен байланысты болады. Таңдаған мамандығым математика болады.

Сонымен қатар, биыл біздің облыс ең үздік олимпиадалық команда атағын жеңіп алды. Ал аймақ ішінде ең үздік олимпиадалық мектеп қаламыздағы  №8 білім ошағы болып шықты. Балалары олимпиадаларда белсенділік танытып, жеңімпаз атанған ата аналар да алғысқа ие болды. Оқушы-мектеп-ата ана үштігінің нәтижесінде біздің облыс жыл сайын дәстүрлі түрде білім бағытында үздіктер қатарында.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...