ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыс әкімі ардагерлерді құттықтады

12:26, 7 мамыр 2022

Павлодар облысының әкімі ардагерлердің үйне барып, мерекемен құттықтады. Оларға батылдығы мен ерлігі үшін алғыс айтты. Ардагерлер үшін аула алдында корценттік бағдарлама да ұсынылды.

Ардагер Николай Ступка әскер қатарына 1944 жылы алынды. Жапониямен соғысқа қатысты. 1955 жылы Павлодарға көшіп келіп, «Өнеркәсіпқұрылыс» трестіне жұмысқа тұрды.  Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының барлық тұрғындарының атынан ардагерді мерекемен құттықтап, Естай атындағы Мәдениет сарайының әртістері ардагердің үйінің ауласында ұйымдастырған концертті тамашалауға шақырды.

Әскери киім киген әртістер «Жеңіс күні», «Катюша», «Темная ночь» әндерін шырқады. Келесі кезекте аймақ басшысы Николай Поддубныйдың үйіне барды. Ардагер Солтүстік-батыс және Украин майдандарында соғысты. Сапер әрі штаб қызметкері болды. Жарақаттанып та үлгерді. Соғыс аяқталған соң Новосібірге оралып, кейін жұмыс бабымен Павлодар облысында қоныстанды. Николай Поддубныйдың жасы 97-де болса да, өзінің тың қалпын жоғалтпаған.

Николай Поддубный, соғыс ардагері:

Жеңіс күнінің қарсаңында мен 52-ші Армияның байланысшысы ретінде мотоциклмен батальондардың штабтарын аралап жүрдім. Бірде, тапсырманы орындап келе жатқанда байланысшылардың бірі Германияның капитуляциясы туралы хабарын естідім. Өз бөлімшеме оралған соң күзетшіге қуанышты хабарды айтып, әуеге оқ атуын сұрадым. Осылайша біз бөлімшеміздегілерді оятып, сүйінші хабарды жеткіздік.

Аймақ басшысы ардагер Михаил Горбуновке ерік-жігер мен күш-қайрат тіледі. Ол армия қатарына 1943 жылы шақырылды. 17-ші армияның 209-атқыштар дивизиясының құрамында Забайкалск майданында соғысты.

Ардагер Василий Григораш та облыстың дамуына зор үлес қосты. Ол Павлодарға 1951 жылы көшіп келіп, локомотив депосына жұмысқа тұрды. 1988 жылы деподан зейнетке шыққанда еңбек кітапшасында бір ғана жазба болды. Ал, 96 жастағы Евдокия Попова да облыс басшысын қуанышпен қарсы алды. Соғыс жылдары ол ұрыс даласында санитар болды.  

Иван Кондрашов 1-ші Белорус майданында Сталинградтан Берлинге дейін жүріп өтті. Соғыстан кейін ол Қазақстанға комсомолдық жолдамамен тың көтеру жылдарында көшіп келді.  Сондай-ақ, облыс әкімі Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысқан Андрей Рыбалконың үйін де барды. Ол 37-ші дивизияның 114-ші полкінің құрамында Шығыс Пруссияға дейін жетті.

Ал Мария Курбатова Мәскеудегі мергендер мектебіне өз еркімен түсіп, оны аяқтаған соң 1943 жылы майдан даласына аттанды. Ол 4-ші Украин майданында 18-ші армияның 138-ші атқыштар дивизиясында шайқасты. Аға сержант атағында Украина, Польша және Чехословакияны азат етуге қатысты.

ҰОС ардагері Сергей Выжутович те аймақ басшысын жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Ардагер облыс әкіміне Польша аумағын жаудан азат еткені туралы айтып берді. Әбілқайыр Сқақов ардагер Петр Ташлыковтің үйіне де барды. Аймақ басшысы барлық ардагерлерге ұзақ ғұмыр тіледі.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар