ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

НОТАРИАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ

11:14, 27 наурыз 2020

Салық кодексінің және «Қазақстан Республикасының нотариалдық қызметтері туралы» заңының баптарына сәйкес нотариалдық қызметтерге ақы төлеу нақты сақталған. Азаматтардың белгілі бір бөлігі нотариалдық қызметті жеңілдікпен немесе тіпті ақысыз негізде ала алады. Жеңілдік берілген адамдар тізімі кең, ал қызметтер құны өте жағымды.

Азаматтар мен ұйымдар арасындағы құқықтық қатынастардың көптеген түрлері нотариус куәландырғаннан кейін ғана заңды күшке ие болады. Олардың тарифтері мемлекеттік салықтарды төлеуден, құқықтық және техникалық қызметтерден тұрады. Қазақстанда нотариалдық қызметтерге бірыңғай тариф енгізіліп, оған жеңілдікке ие болған адамдар тізімі кіреді.

Мадия Джакова, облыстық нотариалдық палатаның тәсілдік комиссия төрайымы:

Бұл санатқа соғыс ардагерлері, мүгедектер, батыр аналар, алтын алқа, күміс алқа иелері, қарт адамдар, медициналық және әлеуметтік мекемелерде бекітілген қарт адамдар кіреді. Бұл тізім шектеусіз, ауқымы өте кең және мұның барлығы Қазақстан Республикасының салық кодексінің 617-бабымен жазылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік салық төлеуден мүгедек баланың ата-анасының бірі, жетім балалар, оралмандар және басқа санаттағы тұлғалар босатылады. Және өз мүлкін мемлекет пайдасына беруді ұйғарған адамдар нотариалдық қызметтерге ақы төлемейді. Төлемнен босату өтініштері тек жоғарыда баяндалған құжаттарға ғана қолданылады. Егер, мүгедек кез-келген заңды тұлғаның немесе басқа құжаттардың көшірмелерін нотариалдық куәландыру үшін нотариусқа жүгінетін болса, бірден бас тартылады.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Галина ТРОЩЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...