ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Музей – ауданның рухани байлығы

10:40, 14 қазан 2021

Успен ауданындағы тағы бір күрделі жөндеуден өткен нысандардың бірі ол – аудан орталығындағы музей ғимараты. Іргетасы сонау Тәуелсіздік алған жылдары қаланған ғимарат осы уақытқа дейін бірнеше мәрте атауын ауыстырған еді. енді міне, аудан тарихында ойып тұрып орын алар құнды жәдігерлерді сақтап тұр.

Бұған дейін аудандық музей мәдениет үйінің бір бөлмесінде ғана орналасқан еді. 2016 жылдан бастап, заңды тұлға ретінде жеке музей болып бөлінген. қазіргі орналасқан орыны бұрынғы аудандық редакция ғимараты. Былтырғы жылы жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалған.

Медет Тауасқан, Успен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

13 млн теңгеге ішін аудандық бюджеттен екі бөлікке бөліп отырып, күрделі жөндеуден өткіздік. Бірініші күрделі жөндеуден өткізіп алдық та, одан кейін қаладан арнайы дизайнерлерді шақырып, білікті мамандарды шақырып, бүгінгі таңда міне заманауи бір мақтанарлық музейге айналды.

Музей ішін бес бөлмеден тұрады. Кешегі ауданның құрылу тарихынан бастап, бүгінгі жеткен жетістігіне дейін, жеке-жеке топтастырылған. Мұндағы ең құнды жәдігер физгармония. оның музей төрінен табылуының өзіндік тарихы бар.

Медет Тауасқан, Успен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

Ол  - неміс ұлтының өкілдері өздері қоныс аударуына байланысты бізге сыға берді. Одан кейін сол 19-шы ғасырдың соңғы жағында пайдаланған библио кітабы. Айна бар. тағы бір құнды жәдігер ол біздің 70-ші жылдары студенттердің ұлы отан соғысының қатысқан қазба жұмыстарына байланысты табылған сол жылдардағы жәдігерлер.

Қазіргі таңда аудандық мұражайда 1000-нан астам экспонат бар. жәдігерлердің басым бөлігін жергілікті халық сыйлық ретінде табыстаған. Айта кету керек, Успен ауданының мәдениет бөлімі Қызылорда облысындағы жаңақорған ауданымен бірлесе отырып, өзара меморандумға қол қойған. Келісімшарт негізінде қос аудан мәдени-рухани тұрғыда тәжірибе алмаспақ. Әлбетте, аудандық мұражайдың даму мен алға қарай адымдауы осы тізімге толықтай енеді.

Медет Тауасқан, Успен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

Осы меморанду тек қана қағаз жүзінде қалған жоқ. Бұл меморандумның арқасында олар бізге екі мәрте келіп, әрбір елді мекенді аралап отырып, концерттерін берді. Мәшһүр Жүсіптің спектаклін қойды. Ал, біз оларға 4 бірдей республикалық, екі бірдей облыстық фестивальдеріне қатыстық. Қазіргі таңда ынтымақтастығымыз өте жақсы.

Иә, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысының сөзінше «өнерде ешқандай шекара болмау керек». Сондықтан алдағы уақытта қос тарап уағдаластықтарын әрі қарай іспен дәлелдемек. Аудан орталығында музейдің болуы заңдылық. Себебі, өскелең ұрпаққа тариыхты жеткізу дәл осы мекеме арқылы жүзеге асырылмақ,-дейді спикер.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...