ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мүткенов ауылына 90 Жыл

20:12, 2 желтоқсан 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылының 90 жылдығы тұспа - тұс келіп отыр. 1931 жылы ашаршылық кезеңінде негізі қаланған ауыл көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінде тамырын терең жайған тарихы бар іргелі елдімекен, құтты қоныс.

Ауылға кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Серікбай Мүткеновтың аты берілген.  Қазіргі уақытта бұнда 1600-ден аса адам тұрып жатыр. Алғаш кеңестік ұжымшар ретінде құрылған ауыл бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның құтты мекендерінің бірі. Ауылдың торқалы тойына жиналған жүрт елдімекеннің арғы-бергі тарихына тағы бір көз жүгіртті.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:

Ауыл өзінің серпінді дамуының жалғастырып, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін. Алдағы жетістіктер әрқайсымыздың белсенділігіміз, бірлігімізге байланысты болады. Сіздерді ауылдың мерейтойымен, алда келе жатқан тұңғыш президент күнімен және тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!!

Соңғы жылдары ауыл инфрақұрылымын жақсарту жолында бірқатар шаралар атқарылған. Соның жалғасы болсын деген оймен ауылды абаттандыру жұмыстарына  аудан әкімі 5 млн теңгеге сертификат табыстады. 

Рымбек Мұқанов, Мүткенов ауылының тұрғыны:

Елімізде су тартылып жатыр. Мешіт салынып жатыр. Халықтың тұрмысы қазір жаман емес. Жақсы. Еліміз жаман емес. Той бола берсін. Жақсылық болсын.

Мүткенов ауылының тұрғындары өз топырақтарынан шыққан әйгілі тұлғаларымен де мақтанады. Естайдың ізі түскен, Бейсенбінің жыры қонған жер. Бүгінде осы өлкеден түлеп, елге қызмет етіп жүрген азаматтарды көптеп санауға болады.

Мүткенов ауылдық округінде 30 жылда көптеген игіліктер жасалған. Мектептерге, медициналық нысандарға күрделі жөндеу жасалған.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...