ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

18:08, 13 мамыр 2021

Шаһарымызда «Қазақ тілін оқыту сапасын қамтамасыз етудегі педагогикалық тәжірибенің инновациялық бағыттары мен әдістері» атты 2 күндік форум өтуде. Қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырған шараға 500-ден аса қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыруды мақсат еткен форум офлайн және қашықтықтан өтіп жатыр. Екі күндік шарада оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін айқындау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәрізді бағыттардағы технологиялар талқыланды.

Зарина Жанақова, Павлодар қалалық білім бөлімінің әдіскері:

Екі бөлімнен тұрады біздің форум. 12 мамырда диалогтық алаң өткізілуде. Шолпан Доқтырбайқызы.

Жиынға әдіскер мен ғалымдар, тіл жанашырлары қатысты. Ғалымдар бүгінде әдістемелердің саны емес, сапасы керек екенін және қатып қалған қағидадан шығып жұмыс істеу қажеттігін тілге тиек етті. Сондай-ақ еркін қарым-қатынас құралы орнамағандықтан оқушылардың тіл байлығы жоқтың қасы екенін өкіне жеткізді. 

Айман Зейнуллина, филология ғылымдарының кандидаты:

Мен қазір сабақ жоспарына қарап кей кезде таң қалам. Екі-ақ бет сабақ жоспарларыңыз бар. Барлықтарыңыздың сабақ жоспары егіз қозыдай. 87-86 жылдары мектепте істеп жүрген кезде бізге сабаққа кірген кезден бастап шыққанға дейін конспект жасаңдар дейтін. Сабақтың мазмұнын жасаңдар дейтін. Қазір соның мазмұны жазылмайды.

Тимур Ульяновтың мектепте жұмыс істеп жатқанына 2 жыл. Жоғары оқу орнында теорияны ғана меңгеріп шыққан жас маман білім ұясына алғашында жүрексініп барғанын  жасырмады. 

Тимур Ульянов, №24 ЖОББМ мұғалімі:

Біздің мектептің бір жақсы жері мектебімізде жас мамандар мектебі деген бар. Онда 38 мүшесі бар. Негізгі мақсаты ол мұғалімнің кәсіби қалыптасуындағы әдістемелік және әлеуметтік көмек көрсету болып келеді.

Ұлты орыс болғанмен қаза тілін жетік меңгерген мұғалімнің жанына балалар үйір көрінеді. Бүлдіршіндерді ұстаздарының тілді үйрену әдісі қызықтыратын көрінеді.

Тимур Ульянов, №24 ЖОББМ мұғалімі:

Өзім орыс ұлты болғаннан кейін балалар қызығады қалай сіз орыс болып қазақша сөйлейсіз сол себепті өзіме жақын болады балалар. Және өзімнің басты мақсатым теориядан гөрі сөйлеу әрекеті.

5 секция бойынша жұмыс істейтін форумда педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері сабақ  өткізбек.

 

Гүлсара Мәлікова

 

Тақырып бойынша материалдар

Жоғары сынып оқушылары жұмыспен қамтылды
18:53, 15 маусым 2021
Жоғары сынып оқушылары жұмыспен қамтылды
Толығырақ...
Ана мен баланың өміріне жауапты маман
18:52, 15 маусым 2021
Ана мен баланың өміріне жауапты маман
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...