ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ

19:56, 8 сәуір 2021

Жыл басынан бері әлеуметтік желіге мұғалімдерден кезекші сыныптарға, қосымша ақыларға байланысты сұрақтар келіп түсті. Олардың барлығы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінде қарастырылған. Жалпы, «Педагог мәртебесі туралы» заң біздің өңірде қалай жүзеге асып жатыр.

Павлодарда «Педагог мәртебесі туралы» заңда белгіленген шараларды мониторингілеу аясында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Білім беру ошақтарындағы жағдайды бақылау мақсатында екі институт құрылды. Оның бірі мектепішілік болса, екіншісі департаментте жұмыс жасайды. Институт әдеп бойынша кеңеспен біріге қызмет етеді. Даулы мәселе бойынша әр тарап тыңдалады.

Еркімбек Аязбаев, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Кеңес өзінің құзыреттілігіне байланысты педагогтарды тыңдайды, құжаттарды, ақпараттарды сұрайды. Қарастырылып отырған сұраққа байланысты педагогтар өз сөзін айтады. Мекеме басшысына ұсыныс тасталады. Биыл қарастырылған жағдайлар жоқ.

Қазіргі таңда облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жарияланған ақпараттарға әлеуметтік желіде мониторинг  жүргізеді. Қандай да сұрақтар туындаған жағдайда департаментке жүгінуге кеңес береді.

Еркімбек Аязбаев, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Мұғалімдер тарапынан жылдың басынан әлеуметтік желіге 10 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 8 чатқа. Ең жиі кездесетін сұрақтар кезекші сыныптар, магистрі қосымша ақы енгізу, мұғалімдерді функцияналдық емес жұмыстарға тарту.

Одан бөлек, мұғалімдердің қағазбастылығы жиі сынға ұшырайды. Бітпейтін есептер мен жазбалар ұстаздың негізгі қызметіне кесірін тигізері сөзсіз. Осы департамент басшысы ол туралы заңды тағы бір мәрте еске салды.

Еркімбек Аязбаев, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Мұғалімдердің есеп беруіне байланысты министрліктің қабылданған шарасы бар. мұғалімдердіің есеп беруі бір қалыпқа келтірілді.  Басқа ақпараттарды қарастыруға тыйым салынды.

Айта кетейік, облыста 356 мектеп болса, оның біреуі жеке меншік. Мектептер қазір дәстүрлі, аралас форматта оқып жатыр.    

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
19:08, 14 сәуір 2021
КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
19:07, 14 сәуір 2021
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...