ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕЛІК ТАНКІ

13:01, 14 мамыр 2020

Жеңістің-75 жылдық мерекесінде Баянауыл ауданының тұрғындары ерекше көрініске куә болды. «Берлинге жол тартқан» деп аталатын танкі көптің көңілінен шыққан. «Ер есімі ел есінде», «Ешкім де ештенеде ұмытылмайды» деген ұран жазылған танкі ауыл-аймақты аралап шыққан екен.

Қалқаман Айханов соғыс ардагерлеріне тағзым ете отыра, ерекше танкі жасап шығарған. Бұл танкімен 3-жыл қатарынан 1- мамыр және 9-мамыр күндері аралығында Павлодар облысында, көбіне туған жері Баянауыл баурайында жүреді екен. Басты мақсат, жас ұрпаққа бұл мерекенің маңыздылығын насихаттау. Бүгінгі бейбіт күн, қанды шайқаста жан беріп кең байтақ жерімізді қорғаған батырларымыздың арқасы. Ал, оны жастардың бойына сіңіру бүгінгі ұрпақтың міндеті.

Қалқаман Айханов, Павлодар қаласының тұрғыны:

Сұрапыл ұлы отан соғысында өздерінің қанымен, жанымен бізді мына бейбіт күнге жеткізген ата-әжелеріміздің әруағына деген құрмет. Сол кісілердің ерліктерін болашақ ұрпақ ұмытпасын, естерінде сақтасын. Қазақстанымызда тек тыныш заман болсын.

Қалқаман Айханов жыл сайын жеңіс мерекесіне орай танкіні көлігіне орнатып, қала көшелері мен ауылдарды аралайды. Ерекше көлік әсіресе кішкентай балалардың қызығушылығын тудырады екен. Ең бастысы, оның тілегі орындалып, жас ұрпақ мағынасын түсінсе нұр үстіне нұр болар еді.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар