ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Мерекелік кеш өткізуге рұқсат бар ма?

22:11, 24 қараша 2021

Жаңа жылдағы корпоративтік кешке рұқсат беру шешімін әр өңірдің бас санитар дәрігері өзі қабылдайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Әрбір облыста қоғамдық тамақтану орны мен концерттегі адам санына қатысты талаптар бекітіледі. Нақты қанша адамға рұқсат берілетіні эпидемиологиялық жағдайға қарап шешіледі. Сонымен, Павлодар облысының тұрғындарына мерекелік шараны өткізуге рұқсат бар ма? Тілшіміз анықтап көрді.

Павлодар облысы бес ай уақыттан аса қызыл аймақта.  Бас санитарлық дәрігердің 20 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Ал, "Ashyq" жобасына қатысатын мекемелерге корпоративтік кештерді өткізуге рұқсат беріледі дейді мамандар. Тек талап бар.

Ольга Жүнісова, санэпидбақылау департаментінің бас маманы:Ғимараттағы адам толымдылығы 50 пайыздан аспауы тиіс. Сондай-ақ, қонақтар мен қызметкерлердің жасыл мәртебесі болуы керек. Яғни, 7 тәуліктен аспайтын ПТР-тестілеудің нәтижесі, вакцинация паспорты міндеттеледі. Бұндай жағдайда мерекелік шара өткізуге рұқсат.

Бүгінде "Ashyq" жобасының қатысушылары түнгі сағат 12-ге дейін, ал жобаның көшбасшылары қызметкерлер мен қонақтарда "Жасыл" мәртебе болған жағдайда түнгі сағат 2 - ге дейін жұмыс істей алады. Бірақ кез келген жағдайда толымдылығы 50 пайыздан аспауы керек.

Ольга Жүнісова, санэпидбақылау департаментінің бас маманы:

Мысалы, ауданы 1000 шаршы метр болатын кафе, біз оны 4 шаршы метрге бөлеміз, өйткені бір адамға дәл осындай орын қарастырылған. 250 адам шығады, бірақ бұл 100%, яғни біз тағы 2-ге бөлеміз, сонда 125 адамға рұқсат етілген.

Корпоративтік шаралардың өтуін сол уақыттағы эпидемиогиялық ахуал анықтайды.  Бұны да ескерген жөн дейді мамандар. Айта кетейік, қазірдің өзіңде облыс бойынша 7000-нан аса объект Ашық арқылы жұмыс істеп жатыр.  

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...