
Қазақстанда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды. Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын отбасылар жіберіледі.
«Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстанда 2014 жылдан бастап өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды көрінісін қалыптастыру.
Рымбек Қабиденов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы:
Биыл 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қалалық деңгейде, облыстық деңгейде өтінімдер қабылданып, республикалық кезеңге қатысады. жас шамасына , отбасыларға шектеу жоқ.
Самал Қалиқызы