ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

«МЕН – БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН»

11:41, 13 мамыр 2020

Шекара ынтымақтастығы аясында Ертіс ауданының мектептері Ресейдің білім беру мекемелерімен бірлесіп жылда түрлі жобалар ұйымдастырады. Биылғы «Мен –батырдың ұрпағымын» деп аталған жоба Жеңістің 75 жылдығына арналған. Биыл іс шара әлемді әбігерге салған індетке байланысты қашықтықтан өткізілді.

Бірнеше жылдан бері Ертіс ауданының Северный мектебі Омбы облысы Нововаршав ауданының Ермаков мектебі және Омбы қаласының №107 орта мектебімен достық ынтымақтастықта жобалар ұйымдастырып жүр. Биыл Жеңістің 75 жылдығына арналған эстафетада қос мемлекеттің мектеп оқушылары өздерінің соғысқа қатысқан бабалары жайлы баяндайды. Ертіс ауданы Северный орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мерей Тоқбатыр, майдангер бабасы Насредин Айтмұқашевтің ерлігі жайлы сыр шертеді. Жобаның мақсаты – жастарды Отан сүйгіштікке баулып, туған өлкенің тарихын зерттеп, сақтау. Бабалар ерлігін мәңгі есте қалдыру және оны болашақ ұрпаққа жеткізу бүгінгі буынның міндеті.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...