ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Мемориалды тақта ашылды

10:51, 20 қазан 2021

Белгілі театр режиссері, мемелкеттік сыйлықтың иегері Ерсайын Тәпеновке мемориалды тақта ашылды. Ертіс-Баян өңірі мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан режиссерді әріптестері мен туыстары, шәкірттері еске алды.

Ж.Аймауытов атындағы облыстық театрды негізін қалаушы Ерсайын Тәпенов қиын кездерге қарамастан өнер жолына өзін толық арнай білген жан. Мемориалды тақтаның ашылуына жиналған жұрттың, әріптестерінің естеліктері осындай ойды түсіндейді. Аймақтағы театрды аяғынан тік тұрғызып, кәсіби деңгейге көтеру үшін режиссерлықтан бөлек көптеген қасиет керек еді.

Талжібек Атамбек, Ж. Аймауытов атындағы облыстық театр әртісі:

Ол кісі ұстаз. Ол кісі психолог. Әр әртістің бойындағы қабілетін. Әр әртістің мінезіне қарай сөйлескен, тілдескен. Әр әртістің дарынына, бойындағы талантына қарай ролдерді берген.

Театрдың негізін қалап қана қоймай, ғұмыр бойы осында еңбек етті. Теартдың кәсіби жетілуі жолында бар тәжірибесін сарп етті.

Бейбіт Шәнім, Ж. Аймауытов атындағы облыстық театр әртісі:

Әлемдік деңгейдегі классиктердің туындыларын, сонымен қоса классикалық туындыларының бәрін театрда сахналады. «Айман-Шолпаннан» бастасақ, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Ғабит Мүсіреповтың, «Ақан сері-Ақтоқты», одан кейін арасында тағы да басқа спектакльдерді Дулат Исбековтың, Сұлтанәлі Балғабаевтың спектаклі де қойылып жатты.

Ерсайын Тәпенов Сәкен Жүнсіовтың «Әнші»ә драмасын сахналағаны үшін мемелкеттік сыйлықты иеленген. Бұдан бөлек Ресей Федерациясының Чехов атындағы алтын медалімен де м арапатталған.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...