ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Мемлекеттік тілді меңгеру - азаматтық парыз

22:28, 8 маусым 2021

Өңірде мемлекеттік тілді үйренем деушілердің қатары көбейіп келеді. Қазақ тілін меңгергісі келетін азаматтар үшін барлық жағдай жасалып отыр. Мәселен, бүгінде «ZOOM» платформасы арқылы 240 адам тегін курстарға қатысып, білім алып жатыр. Оқыту әдісі туралы келесі бейнематериалда.

Ақпан айынан бастап облыста қазақ тілін үйренем деушілерге арнайы тегін курстар ашылған. Биыл аталмыш сабаққа қатысушылар «Ана тілі» орталығының әдісі бойынша тілді меңгеріп жатыр.  

Юлия Исабаева, білім алушы:

Күйеуім екеуміз сәуір айында қазақ тілін үйрену курстарына келдік. Сәуір айынан бастап қатыса бастадық. Маған өте ұнайды, курстар жеңілден күрделіге дейін. 5-ші сабақтан бастап біз сөйлем құрастыра бастадық. Сөздік қорымыз толығып, қазір біз шамамен 500 сөз білеміз.

Марго Колаян, білім алушы:

Менің атым – Марго Колаян. Мен музыкалық колледже жұмыс істеймін. Қазақ тілін үйреніп жатырмын. Сабақтар өте ұнайды.

Курстың басты мақсаты – қазақ тілін жетік меңгергісі келетін азаматтарға көмектесіп, бағыт-бағдар беріп, тілді үйрету. Мамандардың сөзінше, бұл бір күндік жұмыс емес. Әрбір сабаққа белсенді қатысып қана қоймай, тіл үйренуге ынтаның болғаны да жөн.

Шолпан Кенжикова, «Ана тілі» орталығының директоры:

Тілді бір-екі айдың ішінде меңгеріп алу деген, ол мүмкін емес. Ол күнделікті практика болу керек. Күнделікті ауыз-екі сөйлеу болсын. Жинақталған білімдердің барлығын жетілдіріп, оны қолдана білу керек.

Тегін қазақ тілі курстары Еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...