ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді

21:18, 29 қараша 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар» және «Мемлекеттік шекара» атты сиясы кеппеген жаңа қос бірдей кітаптың тұсауы кесілді. Туындыда шекарашылардың қымқуыт тірлігі мен өмірбаяны, Тәжік-Ауған шекарасындағы қықтығыста қаза тапқан жерлестеріміздің ерлігі топтастырылған. Тұсаукесер ел көлемінде аталып өтті.

Кітаптардың шығарылудағы негізгі мақсаты - тұрғындар арасында Шекара қызметі туралы кеңінен насихаттау. Себебі, туындыда шекара шебіндегі қызықты оқиғалар мен әскерилердің өмірбаяны топтастырылған. Айта кету керек, сала саңлақтары іріктелген кітапқа Ертіс-баян өңірінің бірқатар шекарашысы енгізіліп отыр.

Нұрғанат Манжуов, ҚР ҰҚК Павлодар облыстық филиалының бастығы:

Павлодар облысы бойынша департаменті жүзеге асырылған операциялар кітапта жазылғаны туралы мақтанышпен айтамыз. Осы оқиғалар жайында, радиация және барсакелмеске аттану тақырыбында басылымдар шықты. Аталған операцияларға тікелей қатысқан офицерлерге олардың жаған ерлігі кәсібилігі және тапсырылған істі адал атқарғаны үшін алғыс білдіруге мүмкіндік туындап отыр.

Салтанатты шара барысында республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі операцияларға қатысып, өз өмірлерін қауіп қатерге тіккен  шекарашылар марапатқа ие болды.

Бақытжан Қабиев, ҚР ҰҚК Павлодар облыстық филиалы бастығының орынбасары:

Екі мерейтойлық кітаптың ресми тұсаукесерін ұйымдастырдық. Бұл кітапта жедел қызметкерлер денсаулық пен өқмірлеріне қауіп төндіретін жұмыстардың нәтижесі туралы айтылады.

Салтанатты тұсаукесерден соң ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Тәжік-ауған соғысында қаза тапқан жерлестеріміздің рухына тағзым етіп, облыс орталығындағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.

Естеріңізге салып өтейік, Тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік миссиясын атқарып жүрген сарбаздарымыз қарулы лаңкестік топтардың тұтқиылдан жасаған шабуылына тап болған еді. Есіл ерлер Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында күші өздерінен әлденеше есе басым содырлармен ақтық демдері қалғанша шайқасқа түсті. Төрт сағатқа созылған кескілескен ұрыс 17 сарбазымыздың жасын ғұмырын мезгілсіз қиды. Шеттер жер жастанған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кенжекерей Құнанбаев, Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушы:

Осы шараны ұйымдастырушыларға ҰҚК Шекара қызметшілерге үлкен алғыс айтқым келеді. сол ортада Раджан Батырхановқа халық қаһарманы атағын беруге үлкен жұмыс атқарып жатырсыңдар. Сол үшін де үлкен алғыс айтқым келеді. Батырханов Раджан үлкен ерлік жасады. Сол атағын алуға лайықты деп ойлаймын.

Туынды тек қана әскерилерге ғана емес, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да арналады. Айта кету керек, бүгіннен бастап жаңа кітапты жергілікті кітапханалардан сатып алуға болады. Ал, жинақты электронды нұсқасын кітап.кз сайытын алуға мүмкіндік бар,-дейді ұйымдастырушылар.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...