ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мемлекеттік мекемелерде 112 жұмыс орны бос тұр

18:21, 28 қаңтар 2022

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік мекемелерде бос жұмыс орындарының саны 100- ден асады. Арасында басшылық вакансиялар да бар. Бүгін дін істері және құрылыс басқармасының бас мамандары мен жер қойнауан пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшылары орындарына конкурс өтті.

Президент Мәжілістегі мәлімдемесінде мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліген арттыруға баса мән беруді тапсырған еді. Ол үшін мемлекеттік қызметшілер конкурс арқылы лайықты орындарға тағайындалуы керек. Бүгін үміткерлер мемлекеттік мекемелердегі бос орындарға жарияланған конкурсқа қатысып, бақтарын сынауда.

Алма Қозбаева, конкурс бақылаушысы:

Ашық және заңнамаға сәйкес конкурс өткізу біз үшін өте маңызды мәселе. Ең мықтылары өтеді деген ойдамын. Кнкустың жалпы бірнеше этабы бар.

Қазіргі уақытта Павлодар обылсы бойынша мемелкеттік қызмет саласында 112 бос жұмыс орындары бар. Оның 12-сі қалалар мен аудндардағы басшылық лауазымдар. 36 бос жұмыс орны облыстық басқармаларда.

Наталья Нефедова, персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің жетекшісі:

Бүгін біз алдымен меритократия қағидаттарына арқа сүйейміз. Әр мемелкеттік қызметші өздерінің мүмкіндіктеріне сай өс алатынтықтарына көздері жетуі керек. Бұндай мысалдар бізде көп. Бос жұмыс орындары әрқашан болып тұрады. Бұл жалпы жүріп жатқан процесс.

Қазақстан республикасы заңдары бойынша тапсырған тесттің сертификаты, сондай-ақ, үміткердің біліктіліг жөніндегі мәліметтер қажет. Конкурс аясында бір бос орынға 3-тен 9-ға дейінгі үміткер қатысуда.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...