ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Мемлекет қаржысын жымқырғандар сотталды

08:43, 17 қараша 2021

Павлодардағы оқу орындарының бірінің қызметкері қаржылық алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Ақпараттық технологиялар колледжінің бас бухгалтері күрделі схеманы ойлап тауып, сол арқылы қомақты қаржыны қалталаған. Шығын көлемі 10-даған милионнан асып кеткен.

2015-2020 жылдар аралығында Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің қабырғасында жергілікті басшылық жасаған қылмыстық схема жұмыс істеді. Оқу орнында нақты жұмыс істейтін қызметкерлерден бөлек, тағы атаулы 6 адам да болған. Бірақ, олардың орнына колледждің бас есепшісі ақшаны алыпты. Мәселен, бес жыл ішінде іскер әйел «жұмыста тек құжат бойынша тіркелгендердің арқасында 26 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген.

Максим Зенгер, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі:

Ол достары мен туыстарының арасынан адамдарды колледжге жалған жұмысқа тартып, кейін заңсыз өндіріп алып, жалақыларын алған. Есепші кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырумен қатар, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақпараттық технологиялар колледжінде қаржылық жанжалға қатысты да түсініктеме берілді. 2020 жылдың жазында оқу орнының сол кездегі директоры өмірден озған. Оның орнына келген жаңа басшылық тергеу жүргізуге көмек көрсеткен. Бүгінгі таңда колледждің есеп бөлімінің құрамы толықтай жаңартылды.

Серік Жартыбаев, ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы:

Қазіргі таңда колледжде өткен жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді шаралар жүргізіліп, алдағы уақытта аталған оқу орнында мұндай фактілер қайталанбауы үшін бар күш-жігерімізді салып жатырмыз.

Қаржы мониторингі агенттігі бюджет қаражатын жымқыру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретінін еске салды. Мәселен, жыл басынан бері Павлодар облысында мұндай 12 жағдай тіркелген.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Александр Логвин

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...