ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мектеп президенттері бас қосты

20:33, 2 желтоқсан 2021

«Оқу мен тәрбие егіз». Әр білім ошағында білім мен қатар бойына көшбасылық қасиетті ұштастырып жүрген оқушылар бар. Олар жаңа креативті идеяға толы және қатарластары үшін білім жолындағы сара жолды көрсетуге асық. Келесі сюжетке назар салайық.

Ұшқыр ой мен білім көкжиегіндегі жетістіктері мен қатар, өз пікірін мектеп қабырғасында жүзеге асыра білген оқушылар. Павлодар қаласындағы 41 мектептің президенті бас қосты. Жас ұландар ашық алаңда бір-бірімен пікірталас өткізіп, өзара тәжірбие алмасуға зор мүмкіндік алды. Айта кетейік,  көшбашылар білім ордасында өткен  мектепішілік сайлау арқылы іріктелген.

Ақмарал Мұхамеджанова, білім беру бөлімінің бос уақытты қамту және дарындарын дамыту орталығының басшысы:

Мен ойлаймын бүгінгі кездесу оқушыларға өте қажет. Білім бөлімі басшысына айтатын бір жағдайлары бар, бөлісетін жақсы жаңалықтары бар. Сондықтан да, мұндай кездесулер өте керек деп.

Оқуға құштар білімпаздар алға қойған жоспарларымен бөлісті. Бұған дейін, мектеп президенті болып тағайындалып, онлайн  жұмыс жасаған. Әрине, олар үшін бұл жүйе қиынға соғатын.

Ділназ Қайролла, №35 ЖОББМ оқушысы:

Әр президент өзінің мектебінің барлығынан биік болғанын қалайды. Өз мектептерін басқа мектептермен салыстырады. Менің ойымша қолбасшылық қасиеті болу керек. Яғни, лидер сияқты.

Жиналған оқушылардың жүзінен көшбасшылыққа деген ерекше ұмтылысты байқадық. Жастар мектеп жасынан болашаққа деген мақсатын айқындап қойған. Иә, бұл жолда мектеп өміріне де белсене араласып,  тұлға болып қалыптасуына зор септігін тигізеді.

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...