ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Медиаторлар ашық есік күнін өткізді

17:00, 5 тамыз 2022

Медиация – екі жақты татуластыратын жүйе. Сан алуан мәселелерді талқылайды. Екі тарапқа өзара қолайлы шешім қабылдауға жәрдемдеседі. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинетінде ашық есік күні өтті. Медиаторларға өз мәселелерімен қала тұрғындары жүгінді.

Арыз бастапқыда сотқа  түседі.  Судья өз кезегінде  істі егжей-тегжейлі қарастырып, заңдылығын тексереді. Тараптар жанжал деңгейін төмендету туралы шешім қабылдайды.  Медиатор-бұл әртүрлі күнделікті,  дауларды шешудің тиімді құралын  реттейді.  Көбінесе отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу кезінде жасалады.  Биыл аймағымызда медиация көмегімен  673 іс мәмілеге келді. 
Жанар Алишева, Павлодар қалалық сотының судьясы:
Медиаторлар көбінесе некедегі отбасылық дауларды қарастырады.  Сот медиациясы тараптардың татуласуымен аяқталады. Себебі отбасылық жанжалда  екі жақ жеке қатынастармен байланысты.  Мысалы, біздің облыста  ағымдағы жылдың 7 айында 673 іс татуласты. Оның ішінде 353 медиация неке-отбасы даулары бойынша аяқталды.
Медиацияның негізгі міндеттері әр тараптарды тыңдайды, келіссөздер үрдісін ұйымдастырады. Сонымен қатар екі жақ тарапты  заң жүзінде татуластырудың жолын іздейді. Өңірімзде бұл үрдіс қарқын алып атқарылуда.Аналар кеңесі, заңгерлер мен арнайы ұйымдар жұмыс істейді. Бүгінгі өткен кездесуге тұрғындар түрлі мәселемен жүгінді. Медиатордан кеңес алу үшін қала тұрғыны келді. Екі баланың анасы аты-жөнін айтпауын өтінді.  
Ашық есік күніне тұрғындар түрлі сұрақтармен келді. Еңбек шарт міндеттемелер саласында,  әлеуметтік жәрдем, әкімшілік, азаматтық кодекс тұрғысында мәселелер айтылды. Әр келіп түскен арыз медиаторлармен қарастырылатын болады.  

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...