ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

МАСКА ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

18:40, 3 сәуір 2020

Шарбақтыда маска тапшылығы жоқ. Пандемияға қарсы аудандағы жас кәсіпкерлер бетперде тігуді қолға алған.

Гүлнәр Өнерхан тігіншілікпен айналысқанына 10 жылдың жүзі болған. Әуелде үйде бастаған кәсібін кейін кеңейтіп, тігін цехын ашыпты. Елдегі соңғы жағдайға байланысты Шарбақты ауданында да медициналық бетперденің қаны жерге тимей тұр. Сондықтан, шағын бизнес субъектісі ретінде тегін маска тігуге келісім берген.

Гүлнәр Өнерхан, жеке кәсіпкер:

Алғашында көмек көрсетіп, тігейік деп ойлағанбыз. Басында 150 масканы тегін таратып, жұмыспен қамту орталығына беріп жатырмыз. Ары қарай кішкене бағамен сатып жатырмыз. Басында тегін таратып тұрамыз осылай. Еліміздің қиын қыстау кезінде біздің де қолымыздан осындай кішкене көмегіміз болсын деген оймен. Көп реткі маска 100 теңгеден. Бір реткісін 60 теңгеден сатып жатырмыз.

Ал, Нұржамал Қарашашева кәсібін осыдан 20 жыл бұрын бастапты. Қазіргі таңда 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл жердегі тігіншілер күніне 500-600 дана маска тігеді.  Айта кету керек, Нұржамал Қарашашева  2002 жылы Елбасының қолынан «Жылдың кәсіпкер әйелі» атағын алған.

Нұржамал Қарашашева, жеке кәсіпкер:

Қазір 7-8 адам қызмет істейді. Түске дейін бір бригада істесе, түстен кейін бір бригада істейді. Ақырын-ақырын мәне маска тігіп жатырмыз. Организациялар заказ береді. Олар келіп өздері алып кетеді. Астына түсіріп отырамыз. 50 жиналды ма 100 жиналды ма солай ақырын-ақырын түсіріп отырамыз.

Бұдан бөлек ауданда алдын алу шаралары туралы хабарлайтын патрульдік көлік жүреді. Шарбақты ауданы сақтық шараларын мықтап қолға алған. Тіпті, аудан көшелеріне дезинфекция жасайтын көлік те сақадай сай.

Сымбат Шахметова, Шарбақты ауданының ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы:

Егер қандайда бір жағдай бола қалса оған да дайындығымыз жаман емес. Алдын-ала дезинфекция жасайтын көлікті әзірлеп қойдық. Санитарлық тазалық жүргізетін сұйықтық та жеткілікті мөлшерде. Бірақ, сол көлікті шығарып тазалық жасайтын жағдайға жетпесек екен деп тілейміз.

Қорыта айтқанда Шарбақтыдағы жағдай тұрақты. Барлық шаралар қолға алынған.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...