ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МАСКА ТАҒУ МІНДЕТТЕЛЕДІ

10:51, 13 мамыр 2020

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облысымызда карантин режиміне өзгерістер енгізілді. Көптеген шектеулер жеңілдетілді. Содан да болар көшеде халықтың қарасы көбейді. Бірақ, карантин талаптары жеңілдетілгенімен қаперде ұстайтын міндетті талаптар бар. Солардың бірі медициналық бет перде кию ережесі.

Бүгіннен бастап өңірде карантин режиімі жеңілдетілді. Тұрғындарға саябақтарда, жағалауда үш адамға дейін серуендеуге болады. Саябақта демалу кезеңінде бетперде кию керек. Бұл өңірдің бас санитарлық дәрігерінің талабы. Масканы жабық бөлмелерде ғана емес, кез-келген жағдайда кию ұсынылды. Бұл денсаулық үшін аса маңызды.

Зәмзәгүл Досжанова, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Қала тұрғындары өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын ойлауы керек. Сондықтан жабық орынжайларда  науқас белгілері бар адамдар ғана емес, дені сау адамдар да бетперде тағуы қажет. Өйткені,  адамдардың өзара қарым-қатынас кезінде лас қолдармен түрлі инфекция тасымалдауы мүмкін. Ал, маска осы инфекциялардың таралауының алдын алады.

Жабық ғимараттар мен адам көп шоғырланған орындарда сақтық шараларын сақтамаған жағдайда, бетпердесіз жүрген адамдарға полиция департаменті тарапынан әкімшілік шара қолдану қарастырылған. Бүгінде карантин жағдайы жеңілдетілгенімен сақтық шаралары басты назарда. Осыған сай ойын-сауық орталықтары, спорттық, мәдени іс-шаралар мен адамдар көп жиналатын нысандардың жұмысы тоқтатылған. Егер бір апта ішінде ковид тіркелмесе немесе аурудың өсуі 2% - ға дейін ған болса шаралар әлі де жеңілдейтін болады, дейді бас санитарлық дәрігер.

 

 Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...