ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МАҚТАРАЛҒА КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

11:36, 13 мамыр 2020

Қиын қыстау кезеңде Түркістан облысының тұрғындарына ел болып көмек көрсетіп жатыр. Павлодарлықтар да басына іс түскен шақта отандастарына көмек қолын ұсынды. Өңір тұрғындарының қолдауымен бар жоғы бірнеше күн ішінде тұрмысқа қажетті заттар жиналды. Жүкке толы газель автокөліктері оңтүстік аймаққа жол тартты.

Түркістан облысы Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға  көмек көрсету мақсатында облысымызда мешіт жамағатының бастамасымен, өңір тұрғындарының қолдауымен «Мақтаралға көмек»  акциясы қолға алынып, күні кеше қайырымдылық керуені жолға шықты. Жанашыр жандардың көмегімен он газельге толы гуманитарлық көмек Түркістанға аттанды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жерлестеріміз сын сағатқа түскен мақтаралдықтарға бірнеше күн ішінде бұзылмайтын азық-түлік, киім-кешек, көрпе-жастық пен гигиеналық заттарды жинап берді. Осы ретте, өңірдің бас имамы Жолдас Қоспақұлы мақтаралдық ағайынға Павлодар жұртшылығынан сәлем жолдап, Ораза айында керуеннің межелі жеріне аман есен жетуіне тілек білдірді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...