ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Майқоңыр ауылында су құбыры пайдалануға берілді

20:09, 2 желтоқсан 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ертіс ауданы, Майқоңыр ауылында су құбыры пайдалануға берілді. Ұзындығы 12 шақырымға созылған. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған құбырға мемлекет қазынасынан 400 млн теңге бөлінді. Айтулы оқиғамен ауыл тұрғындарын аудан әкімі Аян Бейсекин құттықтап қайтты.

Майқоңыр ауылыңда 300-ден аса адам тұрады. Соңғы жылдары ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға аса мән берілген. Бұл үшін мемлекет қазынасынан қомақты қаражат та бөлініп жатыр. Жергілікті кәсіпкерлер де ауылдың дамуына үлес қосуда.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Енді Майқоңыр ауылы - стратегиялық маңызы жоғары ауылдардың бірі. Соңғы жылдары біраз мәселелер шешіліп келе жатыр. Біріншіден, байланыс мәселесі шешілді. Екіншіден, су мәселесі шешілді. Үшіншіден, өздеріңіз көріп отырсыздар, кеңес үкіметі кезінен болмаған жол мәселесін шешуді бастадық. Алдағы бес жылда бірақ жобалар жүзеге асатын болады. Бұның барлығы  бос сөз емес. Айтып кеткен іс шаралар бұған дәлел.

Аудан әкімі Аян Бейсекин мердігерге жұмыстарды сапалы орындағаны үшін сондай-ақ, су құбырын тарту барысында белсенділік танытып, қоғамдық бақылау жүргізген жерлестеріне алғыс білдірді. Ал, ауыл тұрғындары бұндай игі істердің атқарылып жатқанына дән риза. Себебі бұрын таза ауыз суды тасып ішу қиямет қайым болатын.  

Сатима Сейітова, Майқоңыр ауылының тұрғыны:

Бұрындары үйде су болмайтын. Тасып ішетінбіз. Әрине қиын болды. Қазір енді қол жеткізіп отырмыз. Судың сапасы да жаман емес. Көп рақмет.

Жақын арада осы бағдарлама бойынша тағы екі ауылға – Амангелді мен Қоскөлге су құбыры тартылады.  Атап өтейік, соңғы үш жылда 80 мыңнан аса тұрғыны бар облыстың 95 ауылы «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы таза ауыз сумен қамтылды.

 

Аяулым Рахымжанова 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...