ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Май ауданының жастары автошеру өткізді

21:24, 3 маусым 2022

Май ауданында мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру ұйымдастырылды. Салтанатты түрде ту көтеріліп, әнұран шырқалды. Шараны аудан жастары ұйымдастырған. Бұл елдік рухты нығайту жолындағы қадамдардың бірі дейді ұйымдастырушылар.

Мемлекет рәміз елдіктің басты нышаны. Елдіктің негізгі символы. Май ауданының жастары ұйымдастырған автошеру отаншылдық, елшілдікті дәріптеуді мақсат тұтады.

Шара аясында мемлекеттік ту салтанатты ту көтеріліпп, әнұран шыршалды.

Биыл рәміздердің қабылданғанына 30 жыл. Осы датаның нышаны ретінде, аудан жастарынан 30 адам ортаға ту ұстап шыққан.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу-Тәуелсіздікті қастерлумен тең. Жастар тарапынан ұйымдастырылып отырған шара елдік рухты нығайту жолындағы қадамдардың бірі. Айбынды ту, асқақ әнұран, қастерлі елтеңба қашанда қабырғалы жұрттың қағбасындай.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар