ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Май ауданының халқы референдумды қолдайды

21:29, 3 маусым 2022

Жалпыхалықтық референдумның өтуіне 2 күн қалды. Осыған орай Май ауданында саяси науқанды қолдау үшін форум өтті. Халық маусымның 5-і күні өтетін саяси науқан елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ала келетініне сенеді. Ата заңға енетін өзгертулер осының айғағы.

Біржан Рахитов, ауыл тұрғыны:

Енді қолдаймыз Тоқаевтың бастамасын. Халыққа тиыштық болса, жақсылық әкелсе. Халықтың тұрмысы жақсы болса, Қазақстанымыз көркейе береді. Президентіміз аман болсын. Халық үшін жүгіріп жатыр. Бейбітшілік керек. Бейбітшілік болса, барлығы болады. Қазақ тоқ болады, мал ұстайды. Мен қуанамын. Біздің Май ауданы жақсы. Жастардың келешегі бар.

Алтынбек Байғалиев, ауыл тұрғыны:

Барлығымыз бірлігімізді көрсетіп, болашағымызға деген ниетте дауыс береміз. Бұл әрине, 33 өзгеріс енгізілгелі отыр. Қандай сала болмасын көптеген өзгеріс болады. Әр азамат өзінің азаматтық борышын іске асырып, Жаңа Конституцияға дауыс береді.

Карина Айдарғазина, аудандық оқушылар үйінің мұғалімі:

Ерекше сезімдемін. Бұл мен үшін алғаш рет. Әрине мен қатысамын. Өз дауысымды беремін. Жарқын болашағымызға сенемін.

Облыс­тық штаб мүшелері Май аудан­ында бірқатар елді мекен­ді аралап, тұрғындармен кездескен. Өңірде 6931 азамат алдағы референдумда өз таңдауын жасайды.

Қарлығаш Түспекова, Май аудандық референдумды қолдау штабының жетекшісі:

Бүгінгі күні 14 учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр. Аудандық штаб құрылғалы бері 70-ке жуық кездесу өтті. Штаб мүшелері, облыстық депутаттар халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мына тарихи сәтте ел болып дауыс беруге халықтың көзқарасы дұрыс.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар