ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қысқа дайындық қалай?

12:56, 15 қыркүйек 2021

2021 жылдың 9 айында облыстағы жер үйлерде 300-ден аса өрт жағдайы тіркелген. 11 адам қаза тапқан. Жағдай қайталанбау үшін төтеншеліктер дайындықты бастап кетті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Төтенше Жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Алексей Двинянин хабарлады.

Жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Жер үйлерге датчиктер орнату жұмыстары жылдағыдай қарқынды. Осы ретте облыстық төтенше жағдайлар департаментімен арнайы іс шаралар жоспары құрылды.

Алексей Двинянин, ТЖД бастығының орынбасары:

Іс шаралар жоспары бойынша жан жақты жұмыс жасаймыз. Оның ішінде балалармен білім беру басқармасы жұмыс жасайды. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар ерекше бақылауда. Есепте тұрған 1790 үйді аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Департамент қызметкерлері аралаған 486 үйде 715 кемшілік анықталды. Негізгісі, пештердің дайын болмауы, электр желілерің тозуы. Үй иелеріне оларды жою бойынша кеңес берілді. Айта кетейік, Павлодар облысында жыл басталғалы тұрғын үй секторында 307 өрт орын алған. Материалдық шығын 21 млн теңгеден асады. 11 адам қаза тапса, оның ішінде 1 бала бар.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...