ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Құзырлы органдар жалдамалы пәтерлерді тексеріп жатыр

09:48, 13 қаңтар 2022

Құзырлы органдар өңірде қоғамдық тәртіпті бұзған 1500-ден астам азаматты жауапқа тартты. Ұсталғандарға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Сондай-ақ, 4 шетелдік азамат мемлекеттен шығарылды.

Нұрлан Мәсімов, Павлодар облысының коменданты:

870 азамат ҚР бейбіт митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оларға қатысты 488-баптың 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде, 327 адам 15 тәулікке дейін қамауға алынды. Барлық қамауға алын азаматтар Павлодар қаласының арнайы мекемелеріне қамалды. 288 тәртіп бұзушының әрқайсысына 30 АЕК  көлемінде айыппұл салынды.

Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери камаз көлігін басып алған. Ер адамнан қару-жарақ дүкенінен ұрланған мылтық тәркіленді.

Нұрлан Мәсімов, Павлодар облысының коменданты:

Ол бір жылдан астам Алматыда жүргізуші болып жұмыс істеп жатыр. Екібастұздан бір жыл бұрын кетіп қалған. Сондай ғана ақпарат бар. Басқа ақпарат жоқ.

Ал, комендаттық сағат талабын бұзған 685 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілген. 349 автокөлік айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері облыс орталығындағы жалға берілетін пәтерлерді тексеріп жатыр.

Нұрлан Мәсімов, Павлодар облысының коменданты:

564 пәтердің 527-сін тексерді. Нәтижесінде жалға алушылар мен жылжымайтын мүлік иелері туралы толық ақпарат алынды. Ереже бұзған кәсіпкерлер анықталған жоқ. Негізі мына төтенше жағдай енгізілгелі бері, қылмыс та азайды. Бір-екі қылмыс қана болады.

Облыс орталының кіреберсіне қойылған екі блокбекет арқылы 25 мың нан астам автокөлік өтті. Рұқсатнама құжаты жоқ 372 көлік, яғни 876 азаматтың Павлодарға кіріп-шығуына тыйым салынды.  

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
19:40, 21 қаңтар 2022
Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
Толығырақ...
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
19:31, 21 қаңтар 2022
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...