ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды

18:26, 28 қаңтар 2022

Халыққа қызмет көрсету орталығы өңір тұрғындарының уақыттарын үнемдеп, коронавирустық инфекциядан сақтану үшін қолайлы жаңа қызметтер ұсынды. Бұдан былай орталыққа барудың қажеті жоқ. Курьер дайын құжаттарды белгіленген жерге жеткізіп береді.

Халыққа қызмет көрсету орталығынан енді ұзын-соңар кезекті көрмейсіз. Керекті құжаттарды мамандар қалаған мекен-жайыңызға әкеліп береді. Жалпы құны 972 теңгені құрайтын жаңа сервис әзірге тек облыс орталығында іске қосылған.

Мейрамгүл Әбдірахманова, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының ПОФ менеджері: 

Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тапсырыс берген құжаты дайын болған кезде  клиентке СМС хабарлама келеді. Бұл сілтеме бойынша өткеннен кейін тапсырысты үйіне бере алады. Бүгінде жаңа қызметпен Павлодарлықтар қолданып жатыр және өте ыңғайлы деп айтып жатыр.

Айта кетейік, аталмыш қызмет өткен жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп тұр.

 

Көлікті рәсімдеу тәртібі жеңілдеді

Бұдан бөлек, автокөлік жүргізушілерінің де иығынан бір жүк түсті. Енді автокөлік иелерінің халыққа қызмет көрсету орталығынан барлық құжатын түгендеп шығатын мүмкіндіктері бар.

Мейрамгүл Әбдірахманова, азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының ПОФ менеджері: 

Олар көлікті рәсімдей отырып бірден сақтандыру полисін сатып ала алады. Сондай-ақ автокөлік иелеріне Kaspi.kz пен Halyk Home Bank мобильді қосымшалары арқылы көлікті онлайн, оңай, әрі тез рәсімедеуге болатынын еске саламыз.

 

Құдайберген Бердімұрат

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...