ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Күштік құрылым органдарына алғыс айтты

09:15, 14 қаңтар 2022

5 қаңтарда бейбіт шеруден басталған шара лаңкестік шабуылға айналды. Ойламаған жерден орталық алаң қақтығыс алаңы болды. Халықтың тыныштығы мен қауіпсізідігін сақтау, қорғау мақсатында күштік құрылымдардың бәрі тартылды.

Қатардағы сарбаз Арна Ризабек те осы күні лаңкестердің бүлігін тоқтатуға тырысқан. Әскерге келгеніне 7 ай ғана болған жауынгер, бұл жағдай бізге сабақ болды деп отыр.

Арна Ризабек, 5512 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы:

Ояндық бізді тревогамен өккөтерді. Көшеде қалада патурль болатынмыз. Түсінбей қалатынбыз. Ең бірінші командирлеріміз. Өйткені олар бізбен қатар тұрды. Щитімді алып алған жағдай болды. қалқан тартып алып, мені аман алып қалды.

Күн демей, түн демей күштік құрылымдар, оның ішінде ішкі істер саласының қызметкерлері, ұлттық гвардия, шекара қорғаушылардың жеке құрамы, Арна Ризабек сынды жас сарбаздар сіз бен біздің тыныштығымызды сақтап шепте тұрды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қиын жағдай болса да бірақ сіздердің арқаларында ел аман, жұрт тыныш боп отыр. Осы шабыуыл болғанда қиындықты алғыс айтамын. Облыс тұрғындары алғыс айтамын. Әскери борыштарыңызды әділетті орындауға тілектеспін.

Жағдай біртіндеп тұрақталып,  төтенше жағдай алынды. Аймақ басшысы нысандар енді бұрынғыша штаттық тәртіпте жұмыс жасатынын айтты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Барлық стратегиялық маңызды объектілер осы штаттық режимде жұмыс істейді. Басқа облыстық жедел штаб құрамында қажетті шешімдер қабылдап отыр. Сондықтан қазір бізге ешқандай қауіп жоқ деп айтуға болады.

Алайда, өңір басшысы Павлодар обылысында төтенше жағдай алынып тасталғанмен, барлық күштік құрылымдар күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайтынын жеткізді. Стратегиялық нысандар қауіпсіздікпен толық қамтылады деді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...