ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Құрмет тақтасы ашылды

20:34, 23 маусым 2022

Қызмет бабын атқарып жүріп қаза болған полиция қызметкерлері көптеп саналады. Солардың бірі Павлодардағы ішкі істер министрлігі оқу орталығының түлегі Мейіржан Айманов. Тәуелсіз елдің полиция күніне орай осы оқу орнының қабырғасында азаматтық қорғау полковнигіне мемориалды тақта ашылды.

Мейіржан Көпболсынұлы бейбіт күнде өз өмірлерін қатерге тігіп, басын бәйгеге тіккен жандардың бірі болды. 2021-жылы Жамбыл облысында болған өрт кезінде бірнеше адамды құтқарып қалып, өзі қаза тапқан. Полиция күніне орай әріптестері мен жақындары жиналып, құрбан болған жанның құрметіне орнатылған мемориалды тақтаның тұсауын кесті.

Өміржан Айманов, Мейіржан Аймановтың інісі:

Бұл жағдай біз үшін орны толмас қайғы болды. Бүгінгі шараны көріп, оның ерлігі мен есімі артында мұра болып қалғандығын көрдім. Оның жасаған ісі жас ұпаққа үлгі болып қалатындығы белгілі. Оқу орынынан арнайы тақта ашып, ұмытпай жатқан серіктеріне үлкен алғысымды білдіремін. Оның ерлігі артында қалған бес баласы үшін де әрқашан мақтаныш.

Ринат Валишанов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығы:

Мен ерлікпен қаза тапқан Мейіржан Аймановтың курстасы боламын. Ол осы оқу орынында жүрген кезінде-ақ, өзінің даралығымен, алғырлығымен көзге түскен еді. Кейін бәріміз қызметке кірістік. Ол жерде де ол бәріне үлгі болып, адал қызметімен танылды. 45 жасында қызмет бабымен қаза болған жолдасымды еске ала отырып, әрқашан бейбітшілік болсын деп тілегім келеді.

Шара соңы даңқ ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен жалғасты. Полиция, азаматтық қорғасын саласының өкілдері мен оқу орталығының тәрбиеленушілері қызмет бабымен қаза тапқан жандардың жақындары ерлік алдында тағзым етті. 

Мұрат Есмағамбетов, қылмыстық атқару жүйесі комитеті оқу орталығының бастығы:

Бүгін міне полиция күніне орай әр түрлі шараларды өткізіп жатырмыз. Бұның бәрі болашаққа үлгі болса дейміз. Бәріне бейбітшілік, денсаулық тілеймін!

Биыл Қазақстан полициясына 30 жыл. Атаулы дата ел бойынша аталу үстінде.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...