ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Күннің тұтылуын тамашалады

19:42, 11 маусым 2021

10 маусым күні Павлодарлықтар сирек кездесетін құбылыс, яғни күннің жартылай тұтылуын тамашалай алды. Бұл құбылысты жас астрономдар оқушылар сарайының обсерваториясынан бақылады. Толығырақ алдағы сюжетте.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Күн сақина тәрізді тұтылды. Ғалымдардың айтуы бойынша, жалпы күннің тұтылуы сағат 18:11-де анық көрінеді. Бұл құбылысты Павлодар қаласындағы оқушылар сарайының жас астрономдары тамашалады. 

Әсем Айыпова, оқушылар сарайының әдіскері:

Бүгін Еуразияның барлық бөліктерінде күннің жартылай тұтылуы көрінеді. Оны біз осы оқушылар сарайының обсервоториясынан бақылай аламыз. Осы күннің тұтылуы ғалымдардың айтуы бойынша Қазақстанның солтүстік бөліктерінде өте жақсы көрінеді екен.

Қазіргі таңда оқушылар сарайында жазғы лагерь өтуде. Ғарыш саласына қызығатын оқушылар жас астрономдарға арналған үйірмеге қатыса алады. Бұл үйірмеде 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінгі оқушылар білім ала  алады.

Әсем Айыпова, оқушылар сарайының әдіскері:

Біздің жас астраномдарымыз осы жазғы лагерь аясында күннің тұтылуын бүгін бақылап өздері зерттеу жұмыстарын өткізіп жатыр. Қазір жазғы мезгілде де Павлодар Ертіс өңірінің барлық оқушылары келіп, тегін жаз мезгілінде өз демалыстарын өткізіп, астрономия саласын бақылап , білім ала алады.

Естеріңізге салып өтейік, 10 маусымда ай күннің бетін көлегейлеп, соның әсерінен Күн тұтылды. Ерекше табиғи құбылыстың ең қанық көрінісі Солтүстік аймақтарда көрінді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Жоғары сынып оқушылары жұмыспен қамтылды
18:53, 15 маусым 2021
Жоғары сынып оқушылары жұмыспен қамтылды
Толығырақ...
Ана мен баланың өміріне жауапты маман
18:52, 15 маусым 2021
Ана мен баланың өміріне жауапты маман
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...