ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Құбыры бар, суы жоқ

22:53, 13 мамыр 2022

Павлодар ауданы Набережное ауылының тұрғындары ауызсудың мәселесін айтып шағымдануда. Сорғы станциясында тұрақты қызметкердің жоқтығынан су күніне бірнеше сағатқа ғана беріледі екен. Осылайша тұрмыстық тіршіліктерін тыңғылықты атқару үшін минут санауға мәжбүр.

Набережное ауылына осында үш жыл бұрын су құбыры тартылған. Бұл жұмысқа бюджеттен 557 млн теңге жұмсалған екен. Тұрғындар алақайлап, үйлеріне су құбырына байланысты қажеттіліктерді орнатқанымен, игілігін толық көре алмай отыр. Қараша халық тіршілік нәрі таңертең және кешке екі сағатқа ғана келеді дейді.  

Сәуле Буланова, Набережное ауылының тұрғыны:

Машинаны қоссақ істеп тұр. Су кетіп қалған кезде жанып кету қаупі бар. Су кешке дейін келмеуі мүмкін. Техникаларымыздың бәрі жанып жатыр. Біздің бір техникамыз өртеніп кетті.

Тұрғындардың тағы бір шағымы судың сапасына байланысты. Соңғы уақытта краннан су ішу мүмкін болмай қалды дейді. Сондықтан, бұрынғыша өзеннен су алуға мәжбүр болыпты. Онда барып келуге 45 минут уақыт кетеді.

Виктор Бруцкий, Григорьев ауылдық округінің әкімі:

Мүлдем су болмай қалған кезі жоқ. «Ауыл Су» ЖШС көршілес ауылдардағы сорғы станциясынан операторлар әкеліп тұрады. Сағаттап кетіп қалатын рас, бірақ, халық сусыз қалған жоқ. Бұл суды өзім де ішіп отырмын. Кейбір адамдар өзен суына үйреніп қалған. 

Санитарлық эпидемиология мамандары су сапасын ай сайын тексеріп отыр. Талдаулар стандартқа сай келетіндігін көрсетеді. Ауыл әкімі сорғы стансиясындағы кадр мәселесі ай соңына дейін шешілетіндігін айтты.

 

Жанасыл Серікбол, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...