ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

ҚР ішкі істер министрі өңір халқымен кездесті

22:30, 13 мамыр 2022

Павлодар облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келді. Министр тұрғындармен кездесіп, көкейде жүрген сауалдарын тыңдады.

Естай атындағы мәдениет сарайында министр ұзақ  баяндамадан арылып, халықпен кездесу форматын өзгертті. Ішкі істер саласында  мәселелі тұстардың барын мойындады, бірақ тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда қылмыстың қазір азайғаны жақсы көрсеткіш деп отыр.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Бүгін келіп отырған мақсатым  осы сіздермен байланыс арқылы сіздермен қандай» жағдайлар мазалап отыр халыққа жақын болу. Сеніміне ие болу. Сана сезім көзқараз өзгермей, барлық реформалар бекер амал болады.

Министр осы уақытқа дейін ішкі істер саласындағы кейбір жұмыстар көрсеткіш, өлшем, есеп үшін ғана жасалғанын айтты. Осы ретте фальсификация жасау сынды кемшіліктер болғанын жасырмады. Бірақ Жаңа Қазақстанға бұрынғы кемшіліктермен аттауға болмайды деп, алдағы жұмыстарды бірге жасауға шақырды.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Кешегі қаңтар оқиғасы кімнің кім екенін көрсетті. Заманын сай болу. Қой үстіне бозторгай жұмыртқалайтын уақыт келді. Сол өзгерісті өзіміздегн бастау керекпіз. Сервис дегеніміз халыққа жақын болып, үнін тыңдау.

Ішкі істер саласына сенімнің жоғалғаны қашан?! Бұл қызметтегі жемқорлық, тергеудің әділетсіз болуы, сапасыз қызмет көрсету, халық пен құқық қорғаушылар арасына жік салғандай. Бірақ қай уақытта да қателіктер мен кемшіліктерді түзеп, сыннан сабақ алу  маңызды. Кездесуге келген тұрғындар өз сұрақтарын ортаға салуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, мал ұрлығы да еліміз бойынша тиылмай тұр. Ел тұрғындарының 42 пайызы ауылда тұрса, олар осы мал шаруашылығымен айналысады. Сол біреудің баққан төрт түлігін барымта қылып кететіндер қаншама? Олар үшін жаза қатаңдатылды.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Президенттің тікелей тапсырмасымен осы мал ұрлығы деген бөлек бапқа шығарылды. Ауыр қылмыс санатына жатқыздық. 12 жылға бас бостандығынан айырылады. Өзінің септігін тигізді.

Дәл осы сынды сұрақтарды министр жеке қабылдауда қарастыратынын айтты. Өз кезегінде павлодарлықтар жауапты министр қордаланған мәселелерін шешіп береді деп сеніп отыр.

Бекарыс Әбілхан, Павлодар облысының тұрғыны:

Енді үміттеніміз ғой. шешеді деген сенімдімін. Сол Астанадан келдім. Жаңа үлгердім. Көмектеседі деп келдік.

Министрмен бірге елордадан жауапты басқарма басшылары да келді. Олар тұрғындарды жеке қабылдады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...