ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Көрші тату болса-көптің бағы

17:06, 5 тамыз 2022

Облыс орталығында оңалту орталығы басшылығы мен үй тұрғындары өзара мәмілеге келе алмай отыр. Себебі, тұрғындар орталық қызметкерлеріне жертөледегі құбырларын жөндеу үшін рұқсат бермей отыр. Жаңарту жұмыстары кешіктірілуде. Соның салдарынан ең алдымен оңалтудан өтетін балалар зардап шегіп отыр.

Күрделі жөндеу жұмыстары  сәуір айында басталды. Жоспар бойынша тамыз айында аяқталуы керек. Алайда,  5 шілдеден бастап нысанда жұмыс тоқтап тұр. Мердігер  ісін атқара алмай отыр. Кестеден бір айға артта қалды.  Өйткені үй тұрғындары жұмысшыларды жертөлеге кіргізбей отыр.  Олар орталық басшылығымен байланысқа шығып, мердігер компания  олардың да  құбырларын ауыстырып беруін сұрайды.

Фарида Тұрақбаева, облыстық оңалту орталығының директоры:

Мамандар жертөлеге кіріп су, кәріз құбырларын ауыстыра алмай отыр.  Соның салдарынан біз 20 күндік және одан да көп кідіріспен келе жатырмыз .

Аталмыш орталықта  диспансерлік есепте тұрған, мүгедектігі бар және  жарақат пен сынықтардан кейін қалпына келтіретін  балалар оңалтудан өтеді. Орталық күніне 100-ге жуық  пациентке қызмет көрсетеді. Жөндеуден кейін дәрігерлер 150 баланы қабылдай алады. Орталық бұл үйде 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ басшылық тұрғындардың мұндай қарсылығына алғаш рет тап болды.
Константин Плахотнюк, «Айсберг» пәтер иелері кооперативінің жетекшісі:

Мен тұрғындардың мүдделерін қорғаймын.   Егер тұрғындар  жертөле есігін ашық десе, мен ашамын және қалаған нәрсені істеймін. Мен сіздермен жұмыс істей алмаймын. Себебі,  тұрғындарды қолдаймын.

Тұрғын үй инспекциясының мамандары  оңалту орталығының басшылығы жертөлені пайдалануға және онда кез-келген жөндеу жұмыстарын жүргізуге толық құқылы дейді.

Дархан Әзімханов,   ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Медициналық орталық тұрғын емес үй-жайы кондоминиум объектісінде орналасқандықтан, тұрғындар күрделі немесе ағымдағы жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сәйкес пәтер иелері ортақ мүлікті ұстауға қатысуы керек.

Орталық пен сол кезде жұмыс істеп тұрған пәтер иелері кооперативі арасында келісім-шартқа қол қойылып, бірдей ай сайынғы жарналар аударылуы тиіс болатын. Басшылық қателігін мойындап, түзетуге уәде берді.
Салтанат Қайдарова,  медиатор:

Мен екі тарапқа жиналыс ұйымдастырып, күн тәртібінде туындаған өзекті сұрақтарды  шешуге кеңес беремін.

Өтініш жазбас бұрын, тараптар бір-бірін тыңдап, жанжалды  бейбіт жолмен шешуге тырысу керек.

 

Әйгерім Тоқпанқызы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...