ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КӨПТЕН КҮТКЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ

11:54, 14 мамыр 2020

30 жылдай от жағып келген Новочерноярка ауылындағы көп қабатты үй тұрғындары орталық жылу жүйесіне қосылатын болды. Қазір елді-мекенде жылу қазандығын салып құбыр тарту жұмыстары басталып кеткен. Қазан айында жылу желісін тартудың бірінші кезеңі аяқталмақ. Нысанның құрылыс жұмысын «Nur Otan» партиясы өз бақылауына алған.

Билік партиясының өз бақылауына алатын жөні бар. Осы қыста ғана өңірге жұмыс апарымен келген «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке тұрғындар өтініш айтқан. Бұл ауылда 90 жылдарынан бері  орталық жылу жүйесі жоқ. Тұрғындар көп қабатты үйде пеш жағып күнелтіп келеді. Партия мәселені бақылауға алған соң қордаланған түйткіл шешімін таба бастады.

Серік Бөлемесов, Павлодар ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы:

Қазіргі уақытта өздеріңіз көріп отырсыздар тепла трассаны салып жатырмыз жердің астына. Үйлердің жанына келтіріп жатырмыз. Қазіргі уақытта проблема жоқ. Әрі қарай әрбір проблеманы шешіп отырамыз.

Қазандық құрылысына облыстық бюджеттен 507 млн теңге бөлінді. Конкурстық негізде мердігер анықталып, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті.  Аталмыш ауылға жас маман болып келген Әсел пеш жағудың машақатын бір кісідей көрген жан. Қысты күні ала таңнан тұрып, от жағып, көмір тасыды. Енді ол қиындықтардың бәрі артта қалатынына көңілі хош. 

Әсел Исалина, Новочерноярка ауылының тұрғыны:

Негізі осындай үйде пеш жаққан өте қиын. Біріншіден мен 3-қабатта тұрғандықтан маған көмір 3-қабатқа көмір тасу, отын тасуға өте қиын. Екіншіден осы алған отынды сақтау орны өте бір қиын мәселе болып табылады.

Ауылда 1000-нан астам халық бар. Оның 800-і көп қабатты тұрғын үйлерде тұрады. Қыстың қысымшылығын көретіндер де соңғылары. Мердігер компания өкілдері қазандықтың құрылысын ертерек аяқтауды жоспаралап отыр. Алдын-ала болжам бойынша  жылу желісін тартудың бірінші кезеңі қазан айында аяқталмақ. Ал екінші кезеңде жеке сектордағы жер үйлерге де орталық жылу құбырын тарту жоспарланған.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар