ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ

19:08, 14 сәуір 2021

Павлодарда кісі өлтіргені үшін сотталған көпбалалы ана сот залында қамаудан босатылды. Жаза жеңілдетілді. Оның орындалуы кейінге шегерілді. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2020 жылдың күзінде Павлодар ауданының Жаңа қала ауылында болған.

Әйел ас үйде сарымсақ турап тұрғанда мас туысы мазасын алған. Ол жүктіліктің соңғы айында болған сотталушыны қорлап, қорқытқан және бір сәтте ұрып жіберген. Өкінішке орай, әйелдің пышақпен жарақаттауының соңы өлімге әкелді. 2021 жылдың ақпан айында Жаңа қала ауылының тұрғыны орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Маржан Құрманғалиева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

Сот үкім шығарған кезде сотталушының алты баласы бар, олардың үлкені 11 жаста, кіші қызы өткен жылдың желтоқсан айында дүниеге келгені себебінен үкімді азайтқан. Сонымен қатар, әйелдің тұрғылықты жері бойынша оң сипатталғанын, жәбірленушіге қылмыс жасағаннан кейін бірден көмек көрсеткенін ескерді. Әйелге қауіпсіздігі орташа атқарушы жүйе мекемесінде жазасын өтей отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Бала 14 жасқа толғанға дейін жазаны өтеу бес жылға кейінге қалдырылды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
21:25, 13 мамыр 2021
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...