ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Қоңыр аңды қорғайық!

16:48, 2 желтоқсан 2021

Республика бойынша «Киік» акциясы басталды. Шараның мақсаты қысқа уақытта табиғатта азшылық саналатын аңды қорғау. Ел бойынша дала еркесі киікті заңсыз аулау деректері жиі кездеседі. Мамандар осының алдын-алу жолында әр түрлі заңдық және насихат шараларын іске асырып жатады.

Желтоқсан айының бірінен бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті мен экология министрлігі, сондай-а, ішкі істер минситрлігі бірлесе отырып киікті қорғау шарасын бастамақ. «Ақбөкен» акциясы саны аз, өсімі баяу, адамнан да, табиғаттан да көп қауіп төнетін қоңыр аңды қорғауды мінде етеді.

Руслан Төлепбаев, облыстық «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ басшысы:

Ақбөкен акциясының мақсаты- киіктердің санының популациясын сақтау, брокеньерлікпен күрес және киітерді олардың мүйіздерін заңсыз сатуға, өңдеге тиым салу бойынша жұмыстарды күшейту. Акция екі кезең бойынша өтеді. Төлдеу және күйлеу кезеңі бойынша.

Павлодар облысы бойынша Май, Баянауыл аудандары мен Ақсу, Екібастұз қалаларының аумағы бойынша киіктерді қорғау шаралары өтеді. Яғни, киіктердің, тұяқты жануарлардың мекен ететін өлкелері өңір бойынша осы аймақтар. Шара барысында киіктердің төлдеу, күйлеу кезеңі бойынша мониторинг жүргізіліп отырады. Ал, ақбөкендерді заңсыз аулағаны үшін жза да қатаң.

Руслан Төлепбаев, облыстық «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ басшысы:

Ақбөкендерді заңсыз аулағыны үшін келтірген залады өтеу мөлшері аталығына 500 АЕК яғни бір жарым миллион теңге аналығы болса 370 АЕК яғни 972 мың теңгекөлемінде айыппұл салынатын болады. 

Бұдан бөлек ерекше қорғау аумағында заңсыз аулаған адамға жаза бұдан 3 есе қатаңдамақ. Заң бұзушылықтар үшін 3 тен 10 жылға дейін бас бостандығына айыру жазасы да қаарстырылған. Айта кетейік, мамандар бүгінде Павлодар облысы аумағында 8 ден 10 мың аралығында киік мекен етеуде деп отыр.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...