ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды

20:38, 2 желтоқсан 2021

Облыс орталығындағы №25 мектептің оқушылары халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді. Конкурста Елбасынының сөзіне, не музыкасына жазылған туындыны шырқауы тиіс еді. Шараны ҚР-ның тұңғыш Президенті, Елбасы кітапханасы ұйымдастырды. Жеңімпаз-жерлестерімізбен тілдесіп қайтқан тілшіміз жалғастырсын.

«Көңілдің асыл пернесі» атты халықаралық байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жолы оған қатысуға 200-ден аса өтініш келіп түскен. №25 мектептің «Әуен» ансамблі байқауға Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне, Алтынбек Қоразбаевтың әніне жазылған «Үшқоңыр» әнімен барды.

Осылайша павлодарлық өнерпаздар «Бабамнан қалған кең дала» аталымы бойынша 1-ші орынды иеленді.

Жанұзақ Балкенов, №25 мектептің музыка ансамблінің жетекшісі:

Қабылдауы жақсы. Бүкіл шетелді қоймағанда 245 қатысып, финалға шыңып бірінші жүлдені алып кеп отырмыз.

Халықаралық байқауға Түркия, Индонезия, Қытай, Өзбектандық өнерпаздар онлайн қатысты. Павлодарлық шығармашылық ұжымның ерекшелігі - ансамбль құрамындағы өнерпаздар сазсырнай, домбыра, қобыз, жетіген, асатаяқ аспаптарында ойнайды.

Ділнәз Мұзафар,  №25 мектептің 10-сынып оқушысы:

Конкусрқа барара кезде қобалжусыз бардық. Білдік жеңетінімізді. Түгеліміз қобалжусыз барғанбыз.

Шығармашылық байқау қатысушыларының 3-тен бір бөлігі ақтық сынға өтті. Ал, байқауда елге белгілі азаматтар әділ қазылық етті.  

Кәмила Ескенова, №25 мектептің 11-сынып оқушысы:

Жюриде бізге Диаштың анасы Света мен Қанат Айтпаевтар, Ардақ Балажанова, Төлеген Мұхамеджанов болды. Біз Оларды көргенімізге өте қуаныштымыз.

Айта кетейік, «Әуен» фольклорлық ансамбліне 20-ға жуық бала қатысады. Ансамбльдің аты айтып тұрғандай, ұжымда ұлттық аспап түрлері кеңінен насихатталып,  қолданылады.   

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...