ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Коменданттық сағат талабын бұзған 479 азамат ұсталды

13:34, 11 қаңтар 2022

Соңғы екі тәуліктің ішінде коменданттық сағат талабын бұзған 479 азамат ұсталды. Оларға қатысы әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Сондай-ақ, 242 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Облыс орталығының айналасына қойылған блокбекеттерден 18 670 көлік, яғни 30 715 азамат өтті.

Нұрлан Мәсімов, Павлодар облысының коменданты:

Жүріп-тұруға рұқсаты болмаған 417 автоқөлік мен 1044 азаматқа қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. Барлық қабылданған шаралар қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа жол бермеу мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Төтенше жағдай кезінде бейбіт жиындар, ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Павлодар облысының комендатурасы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтауды, қатты қажеттілік болмаса өз тұрғын үйлеріңізден шықпауды, сырттан келген провакацияларға берілмеуді және тек ресми көздерден шыққан ақпараттарға сенім артуларыңызды сұрайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...