ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Көмекке мұқтаж жандар

19:39, 26 қаңтар 2022

Павлодар қаласының екі тұрғыны құдықтардың бірінде екі айдан астам уақыт өмір сүрген. Олар ағайынды Яренколар. Құжатсазы, үйсіз қалған. Қиындыққа тап болған жандарға еріктілер қол үшын созды.

Ағайынды Яренколардың құбырда өмір сүріп жатқандығын еріктілер шағын ауданның тұрғындарынан естіген. Олар таныстарынан жасырынып, қауқарсыз күн кешіп жатты. Десе де еріктілер оларға қол ұшын созуға бел буған.

Екатерина Кудрявцева, Vita ерікті іздеу жасағының жетекшісі: 

Біз оларға тамақ беріп, материалдық тұрғыда көмектестік. Әрмен қарай әлеуметтік қорғау мекемесінің мамандарына жүгіндік. Олар өздерінің тиісті жұмыстарын атқаруда.

Ағайындылар кәрізден шығарылып, әлеуметтендіру орталығына жеткізілді. Алғашқы медициналық тексеруден де өтті. Құбырда өмір сүру олардың денсаулығына кері әсерін тигізген.

Николай Яренко

Біз осында 364 үйде тұрдық. сосын пәтерді саттық. қазір ештеңеміз жоқ. құдықта өмір сүурге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта Павлодардағы әлеуметтендіру орталығында 112 адам тұрады. Мамандар мұқтаждарға орын жеткілікті деп отыр. Орталықта медициналық көмек көрсетіледі, құжаттарын реттеуге де болады.

Гүлсан Жайықпаева, қиын тұрмыстағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы басшысының орынбасары: 

Орталықтағы адамдардың көпшілігі жұмысқа қабілетті орта жастағы ададар. Бұндай жағдай түсуіне өмірлерінде жіберген қателіктер себеп болатын көрінеді. Еріктілер тұрғындардан үй-жайсыз қалған адамдар туралы әлеуметтік желілер арқылы не болмаса телефон арқылы хабарлауды сұрайды.

 

Жанасыл Серікбол, Александр Логвин

 

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...