ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Қолжетімді баға көңіл қуантады

22:11, 18 қазан 2021

Тақырыптан ауытқымаймыз. Железин ауданында ұйымдастырылған дәстүрлі жәрмеңке жергілікті тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Ауданның барлық 12 ауылдық округтері жәрмеңкеге 1,8 тонна сиыр етін, жарты тонна жылқы еті мен қой етін, 300 келі құс етін, 600 келі сүт өнімдерін, сондай-ақ 4 тонна картоп, 300 келі нан-тоқаш өнімдерін әкелді. Ауыл тұрғындары болса, өнімдердің бағасына риза болып, сауда қызу жүрді.

Гүлнар Шапихова, Железин ауданының тұрғыны:

Біз май сүт әкелдік. Өте жақсы. Бағасы да қолжетімді. Адамдардың көңіл-күйі керемет.

Бұл жолы жәрмеңке Дүниежүзілік нан күнімен тұспа-тұс келді. Осы мерекеге орай ауыл тұрғындарына жергілікті нан тегін таратылды. Сатып алушылар бауырсақтан да дәм тата алды. 

Қанат Айсақов, Железин ауылдық округінің әкімі:

Осындай үлкен жәрмеңкеміз бірінші рет емес. Жылда-жылда осындай жәрмеңкеміз жүріп жатыр. Бүгін шаруашылықтар келіп, өз тауарларын адамдарға сатып жатыр. Нан таратып жатырмыз тегін.

Дәстүрлі өнімнен басқа, бұл күні 5 тонна астық, 2 тонна ірі жем және 10 текше метр отын сатылды. Мұндай жәрмеңкелер Железинкада апта сайын ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне дейін өткізіледі деп жоспарлануда.

 

Мөлдір Сағидолла, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...